Суббота, 2017-10-21, 0:43 AM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [26]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 727
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Страничка Гульмиры Султанбаевой

«Балалар аралына» саяхат
Дүниеге келген әрбір бала ерекше тұлға, дербес индивид. Әр баланың өзіндік ойы, түсінігі, көзқарасы қалыптаса бастауы оның дүниеге келген ортасына байланысты. Дегенмен адамзат баласының бәріне ортақ қасиет – олардың бейкүнә аңғалдығы, олардың үлкендер қамқорлығын қажет ететіндігі. Бала – адам болашағы. Саналы тіршіліктің ұрпақтан ұрпаққа қалдырып кетер өркениент, мәдениет, ұлт сияқты құндылықтарды жалғастырушы арқауы.
«Бала тілі – бал», «Бала көңілі – балдәурен», «Балалы үй – базар, баласыз үй - мазар»,-сияқты мақалдар халықтың рухани сыр сандығында сақталған асыл дүниелер. Балалық – тұтас әлем. Ол әлемде қатігездікке жол, зорлыққа орын жоқ. Ол әлемде - тек күлкі, қуаныш, мейірім, жақсылық сияқты ұғымдар ғана өмір сүреді. Өкініштісі, балалықтың бал әлемінде де зорлық, қатігездік, жауыздықтың орын алатындығы. Бала қашан да үлкендерден жақсылық, көмек күтеді. Олардың қамқорында, аялы алақанында болғысы келеді. Дегенмен кей жағдайда балалар жанұяда, қоғамдық орындарда зорлықтың куәсі болады. Кейде өздері де сол зорлықтың құрбаны болып жатады.
Бүгінде әлемдік қауымдастық бала құқын қолдау мен қорғау мәселесіне алаңдаушылық білдіруде. Бұған таяуда БҰҰ балаларға байланысты зорлық мәселелері жөнінде тәуелсіз сарапшының жүргізген зерттеулері дәлел болса керек. БҰҰ Бас Ассамблеясында жасалған баяндамада бала құқын қорғау мен қолдаудың «жаһандық картинасы» сипатталды. Балаға жасалған кез келген зорлықты ақтауға болмайтындығын қоғам есіне салу, бұқара санасына сіңіру қашан да өзекті болмақ, қашан да күн тәртібінде тұрмақ.
Адамзат өркениеттің жаңа табалдырығын аттап, озық технологиялардың үздік үлгілерін игергенімен, рухани құндылықтар мен адамгершіліктің қарапайым үлгілері аяқ асты қалғандай. Технократтық қоғам адамның адами болмысын жаулап алмауы тиіс деген ескертпелерді әлемнің бір ауыздан қабылдауы қиынға түсуде. Әсіресе, адамзаттың ертеңі – балаларға келгенде бұл мәселе өткірдің жүзіндей қауіпті. Бүгінгі бала қандай ортадан нәр алса, ертең сондай ортаның құндылықтарын жасайды. Сол үшін де жаняұда, қоғамдық ортада баланың қорлық не зорлықты көріп, бұл өмірден аластап қалуы өкінішке орай, әлемнің барлық елдерінде әлі де болса бар, орын алып жатқан қауіпті құбылыс. Қазір адамзат санасын уақыт билейді. Табысты болу үшін тек уақытпен күреседі. Уақыт – бәрін шешетіндей. Осындайда әрбір ересек адам балаға, баланың ішкі сырына көңіл бөлмейді. Бала үшін тек өмір сүруге қолайлы жағдайдан басқа - анасының аялы алақаны ыстық екендігі кейде ұмыт болып жататындығы уақыт шындығы.
БҰҰ Бала құқы жайлы конвенцияны қабылдаған елдердің бірі - Қазақстан. Соңғы жылдары еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар тарапынан бала құқын қорғау жайлы шаралардың ұйымдастырылуы, өткізілуі - осы мәселеге қоғамдастықтың алаңдайтындығының дәлелі болса керек. Балаларды қолдау және қорғау мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан. Ресми түрде тіркелген үкіметтік емес ұйымдар мен балалар қайырымдылық қорларының саны 60-тан асады. Осы ұйымдардың көпшілігі, өкінішке орай қағаз жүзінде тіркелгенімен, іс жүзінде атқарған қайырымдылық не қолдау жұмыстары көпшілікке танымал емес. Кейде тағдыр тәлкегіне түскен баланы қорғау сәті туғанда көпшілік ұйымдардың нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі, кейде көңілдері бола бермейді.
Жақында Талдықорған қаласында өткен әйелдерге арналған семинардан қайтар жолда Бағанашылдағы балалар үйінен Алматыға жіберілген екі ұл балаға кәмелетке толмағандарды уақытша орналастыру және қалпына келтіру орталықтарынан орын табылмай шарқ ұрғаны жайлы білгенде көп ойға қаласың. Алматы сияқты үлкен қалаға бас паналауға келген 4 және 6 жасар балалардан ресми ұйымдар мен дағдарыс орталықтары бас тартқан. Көмекке жалғыз ғана қоғамдық ұйым - «Балаларды қорғау және жанұяны қолдау орталығы» келді. Журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен семинардан бірге қайтқан орталық директоры З.Байсакованың үздіксіз, тынымсыз жағдайды бақылап, қадағалауы арқасында Талдықорған қаласындағы «Жанұяны әлеуметтік-психологиялық қолдау және бала құқын қорғау» орталығына екі күн бойы жол соғып, әкімдік пен орталықтар арасында ойын добындай «қақпақылға» салынған балалар келіп орналасты. Балалар кәсіби мамандардың қамқорына алынды. Енді балаларға тұрақты орналасып кеткенше орталықта қажетті жағдайлардың барлығы жасалатыны сөзсіз.
Қазақстанда Халықаралық миграция ұйымының қолдауымен жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйымдар қатарында саналатын осы орталықтың заңгерлері 2006 ж. ақпан айында кәмелетке толмағандарды жыныстық мәжбүрлеу мен сату жағдайы орын алғанда қылмыстық іст қозғады. Нәтижесінде жас қыздарды алдап-арбап, қорқытып жыныстық қатнастарға мәжбүрлейтін қылмыстық топ ұсталып, сот әділ үкімін шығарды. Ал жәбірленген жасөспірім қыздарға орталық психологтары кеңестер беріп, рухани күйзесіл жағдайында көмектерін көрсетті. Бұл Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар тарапынан балаларға көрсетілген зорлық нәтижесінде істің қылмыстық сипаты анықталып қоймастан, ол сот деңгейінде қаралып, шешілген бірден-бір жағдай еді.
Алматы сияқты мегаполисте қорғансыз қалған балалар мен қиын жағдайға тап болған балалар тағдырына қорғаныш, қам көңілдеріне тіреу болып отырған санаулы ұйымдардың бірі «Алматы қаласы Бала және жанұяны қолдау орталығы» қоғамдық ұйымын атауға болады.
2006 ж. 1 маусымда ашылған орталық Алматы қ. Әкімшілігінің әлеуметтік-маңызды лотосында «Бала адвокаты» жобасы бойынша жеңіп алынған табысты жоба саналады. Өйткені қоғамдағы әлсіз де қорғансыз әлеуметтік топ – балалардың тұрмыста, қоғамдық орындарда зорлыққа ұшырауы немесе жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық дағдарысқа ұшырауы орталықты құру идеясын дүниеге әкелген болатын. Орталық Алматы қ.Ішкі саясат департаментімен қатар, Алматы қ.Білім беру Департаменті, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөліммен ынтымақтаста.
«Бала адвокаты» жобасы жүзеге асқанға дейін «Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы» 2005 ж. Сорос-Қазақстан қорының «Шығыс-Шығыс» бағдарламасы аясында «Эстония және Қазақстанда тұрмыстағы күш көрсету: алдын алу, проблеманы зерттеу және тәжірибе алмасу» жобасы жүзеге асырылған болатын. Жобаның басты мақсаты – әйелдер құқын қорғау мен балаларға күш қолданудан сақтау саласында Қазақстан мен Эстониядағы мемлекеттік құрылымдар, тәртіп қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тәжірибе алмасу болды.
Орталықтың жетекшісі Зүлфия Мұхамедбекқызы Байсакованың балалар мәселесімен айналысуы көбінде жанұяда, жұмыста зорлыққа ұшыраған аналармен жұмыс істеу тәжірибесінен келіп шыққандығын айтады. Себебі, көбінде жанұядағы үлкендер арасындағы жанжал мен даудың салдарынан балалар көп өзгереді. Олар тұйықталып, үлкендерден өздерін бөлек ұстай бастайды. Іштей жапа шеккен бала өзіне сырттан қорғаныш іздей бастайды. Кейде үлкендерден қолдау көрмеген бала жанұядағы зорлықтың тікелей құрбанына айналады. Тағдыр тәлкегіне түскен бала кейде ата-анасынан тірідей жетім қалса, кейде қорғансыз көшеде жалғыз қалады. Бұл өзекке өкініш ұялатар жайт – бүгінгі күннің ащы шындығы. Мұндай шындықты жасыруға, не көмкеріп тастауға болмайды. Үлкендер әлеміне қолын жая ұмтылған әрбір баланың жайы шарасыздықтың жайы. Бір бала дүниеге келгеннен ата-анасын білмей өссе, енді бірі сол ата-аналарының адамға жат қарекетінен түңіледі. Бір бала ата-анасының қасында өмір сүрегімен оны қоғамдық орындарда жәбірлеуі мүмкін. Көбінде балалардың жанұяда жәбір көруі заңды құбылыс сияқты. Баланы тәртіпсіздігі үшін үйде жазалау біздің қоғам үшін заңды да сияқты.
Орталықтағы мамандардың пікірінше, балаға қатігездік жасырын сипатта болады. Баламен тілдесу мәдениетінің болмауынан олар үлкендерге деген сенімін жоғалтады. Үлкендер балаға көмек көрсеткенде көбінде оның жасырын сипаты мен ерекше құпиялылығы сақтала бермейді. Келесі келеңсіздік, үлкендердің бала құқын ескере бермейтіндігі. Орталықтағы бала психологы мен заңгер кеңес бергенде балалар жайлы барлық мәлімет құпия сақталып, әңгімелесу барысы көпке жария етілмейді. Балаларға арналған сенім телефоны бойынша тек балалар ғана емес кейде олардың жанашырлары -үлкендер де қоңырау шалады. Елімізде жанұя саясатын қолдау қажет. Баланы асырап алған ата-аналар кейде баладан бас тартып жатады. Осындайда әлгідей баланы қамқорлыққа алғандар жазалаусыз қалады. Ал бала қаншалықты моральдық қорлыққа тап болады.
Мектептерде балалардың көгеріп, жырылып қалған дене жарақатын кейде мұғалімдері байқайды. Үйдегі балаға күш қолдану өте жасырын сипатта болады. «Бала адвокаты» қызметі ашылғалы 6 мектептің оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған семинарлар өткізіліп, бала құқықтары жайлы ақпараттар таратыла бастаған. Мұндай семинарларды қай мектептерде өткізу керектігін Білім беру департаменті айқындайды. Соңғы кездері семинарлар өткізуге мектептерден сұраныс келіп жатыр. Мұндағы қызмет аясына, сондай-ақ сенім телефоны арқылы дербес кеңес беру, заңгер, психологтың кеңесі, мемлекеттік органдарға әлеуметтік қолдаулар жүргізіледі.
Әзірге сенім телефоны жайлы тұрғындардың шамамен 4% білсе керек. Бұл өте аз көрсеткіш. Орталыққа көршілер тарпынан да көмектер келіп жатады. Олар көмек қажет болған жанұялар мен балаларға дер кезінде жөн сілтейді. Электрондық почта арқылы кеңес беру де тиімді нәтиже беріп отыр. Бала үлкендерден телефон шалғанда бөлмеде бөтен біреу болмағанын қалайды әрі көбінде жасырынып отырғасын еркін сөйлесе алмай жатады. Ал электрондық почтаны тек бала өзі ғана қолданып, ешкімге жария етпестен хат жібере алады. «Бала авдокатына» келген хаттардың 79% электронды түрде жіберілген.
Балалар кей жағдайда компьютерлік ойын және т.б қажеттіліктер үшін ата-аналарынан рұқсатсыз ақша алып жатады. Осы жағдай көбінде үлкендер тарапынан алаңдаушылық тудырады. Осындай кездерде ата-аналардың өздерін қалай ұстау керектігі, баланы жағымсыз әрекеттерден қалай қорғау керектігі жайлы қоғамдық пікір қалыптастыру үшін де орталық заңгері С.Шоматова мен психолог М.Ускембаева ақпараттық жұмыстар жүргізсе, ал бағдарламаның үйлестірушісі Т. Жазықбекова әлеуметтік қолдау мен ақпараттық материалдар дайындайды. Бала адвокаты қызметінің орыс тілімен қатар, қазақ тілінде жүргізілуі көп орталықтардың тәжірибесінде жоқ. Жобаның жетекшісі З.Байсакова бала авдокаты қызметін балаға қамқоршы мамандар атқарып жатыр дейді. Өйткені олардың жалақысы өте төмен, ал жүзеге асырып жатқан жұмыстары өте ауқымды.
«Қазіргі уақытта әрбір жанұяға әлеметтік қолдаулар керек. Орталық барлық деңгейде осындай қолдаулар көрсетеді. Осы орайда Парламтент, билік, халықаралық ұйымдар көтеріп отырған мәселелер өте орынды. Бірақ жеке тұлға қалыптасып, өсіп шығатын ортаны түбегейлі өзгертпей мәселе шешіледі деу қиын»,-дейді жобаның жееткшісі.
Баланы қорғау қызметінің басты мақсатының өзі де – қоғамдағы балаға деген қарым-қатынас стереотипін өзгерту. Бала үлкендермен қатар өз құқын қорғай алуы керек. Орталық ашылғалы жағымды жайттың бірі – барлық БАҚ-та тегін материалдар жариялынып, мектептер мен үкіметтік емес ұйымдар қолдау танытты. 6 не 7 жастағы баланың сенім телефонына қоңырау шалуы, өз ойын айта алу мүмкіндігінің болуы да жағымды саналады. Бір өкінішітісі, осындай жобалардың уақытша сипат алуы. Бала адвокаты қызметі 8 айға арналған. Мүмкіндігінше алдағы уақытта осы сияқты жобалардың ұзақ мерзімдігін қарастырылса және мемлекеттік органдар тарапынан қолдаулар керек сияқты.
Қазіріг қоғамда баламен қарым-қатынас стереотипін өзгерту керек. Балалармен жұмыс істейтін салалардағы мамандардың кәсіби деңгейінің нашар екендігін тәжірибе көрсетті. Мысалы, бұл жағдайда кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полиция, білім беру департаментіндегі қызметкерлердің баламен қарым-қатынасынан байқалды. Балалар мәселесіне аса үлкен зейін керектігін де орталық мамандары әр қашан ұмытпайды. Барлық мәелелерді шешуге, әрине бір ғана үкіметтік емес ұйымның қызметі жете бермейді. Сондықтан басқа ұйымдардың аталмыш мәселелер бойынша орындауын өтініп, қолдаулар көрсететін әлеуметтік қызметті бағыттау тәжірибесі де қолданыста.
“Бала адвокаты” қыметінің тиімді нәтиже беруі, ұйымдасқан жұмыс тәжірибесінің болуы жобаның перспективасын айқындайды. Дегенмен ЮНИСЕФ–тің бала құқын қолдау мен қорғаудың әлеуметтік қызметі бойынша стандарттар дайындау қажеттігін уақыт ұсынып отыр. Көрсетілер қызметтің деңгейі, уақыт жағынан шектеулігі қарастырылу қажет. Балалардың ойлары мен пікірлерімен санасу қажеттігін ұмытпау керек.
“Бала авдокаты” қызметінің маусым-қыркүйек айлары арасындағы сараптама бойынша 126 қоңыраудың 86-заңі, 40-психологиялық көмек қызметтері көрсетілген. Орталықта психолог-20, пен заңгер-9 рет клиенттерге тікелей кеңес берді. Мемлекеттік органдарға 6 хат-өтініш дайындалып, жіберуге ықпал етсе, 13 клиентке құжаттарды рәсімдеуге көмек көсетті. Орталық клиенттерінің басым бөлігі әйелдер-112, ерлер –7, балалар – 7. “Бала адвокаты” қызметіне төрт ай ішінде 20 жасқа дейінгі 11, 30-ға дейін – 22, 40-қа дейін – 36, 50-ден жоғары жастағы - 15 азамат кеңес сұраған. Бала психологының үйге барып, кеңес берген жағдайлары да кездеседі. 17 жастағы мүгедек жеткіншек телефон шалып, үйге келуін өтінген. Жасына орай жыныстық жетілу кезеңін бастан өткерген жасөспірім өзінің сырын әжесіне айта алмай күйзеліске түскен. Психологиялық күйзелістен шарасыз балаға көмекке бірнеше үйіне келген психолог кәсіби деңгейде кеңестер береді. Солайша, бозбаланы ерлерге арналған “Ер-азамат” дағдарыс орталығынан қолдаулар табуға бала психологы көп көмегін тигізді.
БАҚ тарапынан “бала адвокаты” қызметін жариялауда да жағымды әрекеттер байқалуда. Әсіресе “Караван” газетінің редакциясына шақырылған орталық мамандары («Егер үлкендер тыңдамаса», «Караван», 27 қазан, 2006 ж.) Тікелей желіде телефон арқылы жауап берген болатын. Психолог пен заңгердің кеңесін алу үшін редакцияға қоңырау шалғандарды толғандырған басты тақырып – балалардың есеюі шағындағы өтпелі кезең, көше, мектеп және жанұядағы күш көрсету, бала еңбегі, баланы асырап алу мәселелері болды. Оның үстіне телефон арқылы кеңес алғандар жайлы мәліметтердің барлығының жария етілмеуіне кепілдік берілді. Баланы қорғау мен қолдау мәселелерін жариялауда БАҚ-пен жұмыс істеудің жаңа әдісі алдағы уақытта телевизия мен радиоэфирлерде жалғасын тапса, өте құптарлық болар еді.
Алда бала құқын қорғау мен қолдау, оларды қорлық пен зорлықтан арашалау, қатігездік пен қаталдық торынан айырып қалу үшін қаншалықты күш, қаншалықты адамның жігері керек. Бұл – уақыт ұсынған шындық.
Әлемде балаларға күш көрсету, қолдану мәселесінің қаншалықты байсалды екендігі әрбір азаматты ойландыру керек. БҰҰ статистикасы көрсеткендей, алдағы бір-екі жылдың ішінде әлемдегі бай елдерде 15 жасқа дейінгі 3500 жуық бала дене жарақаты мен күтімсіздіктен көз жұмады екен. Германия мен Біріккен Корольдікте апта сайын осындай жағдайда 2 бала, ал Францияда – 3 бала дүниеден өтеді. Жыл сайын 1 млн.астам бала адам саудасы мақсатында мемлекет шекараларынан өткізіледі екен. Жер бетінде 300 млннан аста мбала жұмыс істесе, соның көпшілігі денсаулыққа зиянды орындарда жән еріксіз еңбектенеді. Соңғы он жылда АҚШ пен Англияда балаларға күш қолдану 300 рет ұлғайған. Мұндай тенденция әлемнің бар елдерінде байқалатыны ең қынжылтарлық жайт. Шынымен адам баласы соңғы жылдары соншалықты қатал да қатігез болып кеткені ме? Жоқ әлде барлығына балалар кінәлі ме? Алып адамзат атты мұхитта «балалар аралының» еркін серуен салуына кім мүмкіндік берер екен? Бұл – болашаққа апаратын жалғыз соқпақ жолды көрсетер сұрақ. Тек мұны түсінетін саналы қоғам, салауатты азамат көбейсе екен.

Гүлмира Сұлтанбаева

Категория: Страничка Гульмиры Султанбаевой | Добавил: bala (2007-10-14)
Просмотров: 4054 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2017
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz