Понедельник, 2017-10-23, 5:17 AM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [26]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 727
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жанұя бақытын сезінуде тәрбиешінің кәсіби біліктілігі.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жанұя бақытын сезінуде тәрбиешінің кәсіби біліктілігі.
Қазіргі уақытта отбасы мәселесі – әлемдегі көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Отбасы құндылығын насихаттау мен қазіргі қоғамдағы отбасының беделі мен ролін нығайту Қазақстан Республикасының мемлекетінің саясатының негізі болуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», деп келешек қоғамның тірегі бүгінгі балалар екенін атап өткен болатын. Өміріміздің өзегі болып көз алдымызда өсіп келе жатқан бүлдіршіндер –ертеңгі ел тірегі, сондықтан да, қоғамда бала тәрбиесі басты мәселе болып табылады. Отбасы экономикаға, халықтың әлеуметтік дамуы мен мәдениетіне кез – келген басқа қоғамдық институттан артық әсер етеді.
Өкінішке орай, біздің қоғамымызда отбасында тәрбиеленуге деген құқығы жүзеге асырылмай отырған балалар, ерекше санаттағы - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Өмірлік қиын жағдайда қалған осындай балалардың әрқайсысы мемлекет пен қоғам тарапынан осындай қамқорлыққа құқылы.
Отбасының, жақын адамдарының жоқтығына байланысты, интернаттық мекеме жағдайында баланың әлеуметтік дамуы шектеулі екенін барлығымыз түсінеміз, сондықтан олардың тағдырына немқұрайды қарай алмаймыз. Аталған санаттағы балалардың қоғамда әлеуметтік бейімделуіне тең мүмкіндіктер жасау үшін, кәсіптік жолын таңдауға, өмір бойында оқып, білім алуға қабілетті, шығармашыл, зерделі, физикалық және рухани жағынан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру мақсатында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасылық тәрбиенің баламалы түрлерін дамыту, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың Кешенді жоспары құрылды.
Әлеуметтік жетімдер – балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, өйткені олар толық жанұялық тәрбие көрген жоқ. Жанұя – бұл жетімдер мекемесінде тәрбиеленушілердің жанды тақырыбы, өйткені , кейбіреулерінің жанұясы болмаған, екіншілерінің отбасы қарым –қатынасы жағынан тәжірибелері жағымсыз. Сондықтан балалар үйінде тәрбиеленген уақытында бала әлеуметтік ролдерді және адамгершілік қасиеттерді қазіргі заманда өмір сүру жағдайларын меңгеріп алу керек.
Өз бетімен өмір сүруге дайындау дегеніміз – ол тәрбие шараларының кең ауқымы. Біздің міндетіміз –тәрбиеленушілерімізге өз бетімен өмір сүрген кезде, отбасылық өмірде бақытты , табысты болуға көмектесу.
Ең бірінші салауатты өмір сүруге қажеттілікті қалыптастыру, жан саулығы, рухани саулық – мықты жанұялық негізі. Жанұядағы ахуал, жақын адамдармен қарым – қатынас – сауықтыру жүйесінің ең маңызды элементі. Бәрімізге белгілі салауатты өмір салтының соңғы нәтижесі –тән үндестігі, рухани жетістігі, ақыл айқындығы.
Біз балалармен шылым шегудің, есірткінің, ішімдіктің зияны туралы әңгімелескенде, осы зиянды әрекеттердің кесірі кейін олардың балаларына тиюі мүмкін екенін айтпай қоймаймыз. Әр жасөспірім өзінің болашағын ойлағанда өз отбасын көреді. Маскүнемдік, жанжал, ұрыс – керістің отбасы шырқын бұзып, соның нәтижесінен шаңырақ шайқалып, балалардың балалар үйіне түсуІ осындай себептерден екенін балалар өз бастарынан өткен тәжірибелерінен біледі.
Балаларды өзіндік өмір сүруге дайындаудығы белді бір кезең - еңбек тәрбиесі. Баршамызға аян балалар үйіне келіп түсетін балалар еңбек дағдыларын меңгермеген. Ал кыз балалар болашақ үй иесі, болашақ ана, әйел. Ол отбасының берекесін сақтаушы . Сондықтан да кір жуып, , үй жинау, өзінің тұрған жерін әсемдеп ұстап, аспаздық дағдыларды меңгеріп, отбасылық өмірде өзінің жылы, әдемі үйін құруға осы білік, дағдылары қажеттеріне жараса біздің алға қойған мақсаттарымыз іске асқаны деп білеміз.
Ал балаларды өзіндік өмірге тәрбиелеудегі өзін – өзі тану сабақтарының маңызы зор. Өйткені бұл өзін – өзі тану және өзін – өзі анықтау негізінде өмір жолын жауапкершілікпен таңдауға үйрету, алдағы өмірде күтіп тұрған көптеген кездесетін жағдайларды ашу, өз тұлғасын моделдеу, өзін -өзін танудағы құндылық бағыттарды қалыптастыру, өзіндігін қолдау.
Егер барлық тәрбие жұмысының жүйесі өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, тұлғалық мүмкіндігін ашуға, дамытуға, өзінің еркіндігін, өз таңдауының жауапкершілігін дұрыс қабылдап игеруге көмек көрсетуге бағытталса, оған психологиялық қолдаусыз қол жеткізу қиын. Сондықтан да тәрбиеленушінің бойына отбасындағы қарым –қатынастар, өзінің болашақ отбасы туралы түсінігі, жыныстық ролдерді сәйкестендіру, ер балалар мен қыз балалар арасындағы шынайы ,сыйластыққа толы қарым – қатынастар құруға үйрету - алдымызға қойған міндеттердің маңызды бөлігі.
Әр тәрбиеленушінің өткен тарихына көз жүгіртіп қарап, өткен өмір тәжірибесін қабылдауы, түсінуі оның болашақ өмірін құру үшін қажет. Өзін тастап кеткен ата –анасына деген өкпе сезімі арқылы, ызалану, өзін кінәлі сезініп, өзін өзге балалардан кем сезіну, сүйіспеншілік пен мейірімді аңсау сезімдері пайда болып, баланың жүрегін жаралайды.Баланың нәзік жан дүниесіне дұрыс жол таба білген жағдайда ғана олар өткенді түзету біздің қолымыздан келмейтінін, ата – аналарын кінәлауды қойған жағдайда ғана, оның өз өміріне деген жауапкершілікті қабылдап, ары қарай өмір сүруге күші, мүмкіндігі пайда болады. Қыз балаларға тамаша махаббат, бақытты жанұя, қыз намысы, адами қасиеттер турралы айтқан кезде, олардың жанарларында сансыз сұрақ тұрады. Міне , осы сәтте әр баланың жүрегіне дұрыс жолды табу әр ұстаздың біліктілігін айқындайды. Өз бойларынан жақсы қасиеттерді тауып, өзіне деген сенімділікке қол жеткізіп, «жеңіл кәсіп» табуға ұмтылмай,бірінші кез болған қиындыққа мойымауы тек бізге байланысты. Тәрбиеленушілерді жек көру, кекшіл болудан құтылуға көмектесіп, махаббат, мейірімділік, кешірімділік сияқты рухани – адамгершілік құндылықтарға тәрбиелей отырып, оларды жан дүниесін, санасын жегідей жеп жүрген сезімдерді жеңуге үйрету керек. Сендер үшін махаббат деген не? Ал сүйікті болу? Сенің өмірлік серігіңнің қандай қасиеттері болу керек? Болашақта некеге отырасың ба? – деген сұрақтар көтереміз. Балалардың үстірт түсініктеріне қанағаттанбай олардың зейінін таңдаудың қиындығына, мағыналылығына аударуға тырысамыз.
Сәтті жанұяда адам өмірі, адамның сезімі ең үлкен құндылық. Олар қуанышты да, қайғыны да бірге бөліседі. Адам жанұясында ғана жанына үндестік тауып, іс – әрекетіне қолдау тауып, жеке тұлға ретінде қалыптасады. Балалар қандай жанұя құру керектігін білгендеріне қарамастан, анкета , диагностика талдауларының көрсеткіштеріне қарағанда, олар өз армандарын жүзеге асыру үшін кемшіліктерін жойып, өздерін тәрбиелеу, ол үлкен жұмыстың нәтижесі екенін, оңайлықпен келмейтінін түсінбейді.
Экономика мен қоғамдық өмірдің барлық саласын жаңғыртуға бағыт алған Қазақстан оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа үлгілері мен әдістерін іздеуде. Өйткені,жоғары технологияларды қолдану, жиырма бірінші ғасырдың басында адамзат ойлап тапқан барлық инновацияларды қолдану, демократиялық социум құрылысы қазақстандық білім беру мен тәрбие жүйесін ұйымдастыруға деген жаңалықтарды талап етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның педагог – маманы болу –күрделі міндет. Біз даму үдерісіндегі жаңа мемлекеттің азаматтарын тәрбиелейміз, сондықтан да білімге құмарлық, әрібір жаңалыққа қызығушылық заманауи педагогтің маңызды кескін – келбеті болуға тиісті Сондықтан да тәрбиеленушілерді бақытты жанұя құруға тәрбиелеу мәселесінде біз ең басты міндеттерімізді психологиялық тренингтер арқылы анықтап, өзін өзі тану сабақтары арқылы қарым -қатынас жасай білу дағдыларын меңгертіп, әлеуметтік тәрбиелерін түзету жұмыстарын жүргізе отырып, оларға өз жанұясында бақытты болуларына, өз бетімен өмір сүругенде табысты болуларына көмек көрсетеміз, әрібір түлеп ұшқан тәрбиеленуші өмірден өз жолын адаспай тауып,жанұяда бақытқа бөленсе, біздің мақсатымыздың жүзеге асқаны деп білеміз.


Байжігітова Дариға Төлеухановна - тәрбиеші.
Қарағанды облысы «Отбасы үлгісіндегі балалар үйі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: Дарига71 (2013-11-08) | Автор: Байжигитова Дарига Толеухановна
Просмотров: 996 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2017
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz