Четверг, 2024-04-25, 1:16 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 749
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Үй жануарлары және оның төлдері
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 2 Қостанай түзеу мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Үй жануарлары және оның төлдері.

Тәрбиеші: Кудукупова К.Н.



Қостанай қ., 2015ж

Тақырыбы: Үй жануарлары және оның төлдері.
Мақсаты: үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту және аттарын дұрыс айтуға үйрету. Олардың пайдасын айту. Күтіп - баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Ой өрісімен сөздік қорын дамыта отырып, сөйлемдері байланыстырып сөйлеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды шеңберге тұрғызып, амандасу.
Амансың ба, алтын күн.
Амансың ба, көк аспан.
Амансың ба, достарым?
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық.
Балалар бір - бірінің қолдарын ұстап тұрып, шеңбер бойымен тілек айтады:
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Нанымыз көп болсын!
Деніміз сау болсын!
Біз аман болайық!

Жаңа тақырыппен таныстыру:
- Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Төрт түлік
- Үй жануарлары немен қоректенеді?
- Жеммен, шөппен, сумен...
- Адамға қандай пайдасы бар?
- Малдың терісінен тон тігіледі. Сиырдың сүтін ішеміз, сүтінен айран, құрт, ірімшік жасаймыз. Қойдың жүні ұзын, оны көктемде қырқып көрпе жасайды. Ешкінің жүнінен қолғап, шәлі тоқиды. Жылқы малдардың ішіндегі ең төзімдісі, жүйрігі, оның сүтінен қымыз жасайды. ОЛ – денсаулыққа шипалы сусын.
- Ал түйенің сүтінен не жасаймыз?
- Шұбат, балқаймақ, құрт т.б.
«Даналық сөз – ұлттық өнеге»: жұмбақтардың шешуін табу.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар. (ешкі)

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт сылдырмағы,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)


Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Маң –маң басқан, маң басқан
Шудаларын шаң басқан
Екі өркешін қом басқан
Төрт аяғын тең басқан
Бұл не? (Түйе)

Екеүі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді. (Жылқы)
Өзі сұлу, өзі жүйрік жарасады желменен. (Жылқы)
Сергіту сәті:
Далам қандай тамаша, тауға шығам таласа
Ойға түсем зымырап, қозы лақтай шапқылап,
Құлын тайдай тебісіп, сергіп қалдым келісіп. (3 рет жасау)

Тәрбиеші сөзі:
Балалар, жұмбақтарды жақсы шештіңдер. Енді мына жайлаудағы суретке қараңдаршы. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін атап көрейік:
Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі - қошақан.
Ешкінің төлі - лақ.
Жылқының төлі - құлын.
Сиырдың төлі - бұзау.
- Бәрекелді, балалар, төлдерді жақсы айта білдік.
- Енді мына затқа көңіл аударайықшы.
- Мынау тұрған не?
- Сандық.
- Дұрыс, балалар, егер сендер тақпақтар айтсаңдар, сандық ашылады.
1 – бала: Шөре, шөре лағым.
Тентек болма, шырағым,
Секеңдемей деміңді ал.
Селтеңдемей құлағың.

2 – бала: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.

3 – бала: Кіп - кішкентай момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді анам «Қозым» деп
Қошақаным өзім деп.

4 – бала: Қыз үніндей жіңішке.
Дауысын- ай ботаның
Жүр енесі өрісте
Ар жағында жотаның.

5 – бала: Баптайын ылғи бағайын.
Арқаңнан сипап қағайын,
Мойныңа моншақ тағайын.
Бәйгеге мініп шабайын,
Тұлпар боп өсші, құлыным.

Тәрбиеші :
Бәрекелді, балалар сандық ашылды, ашып көрейік. Сандықтан тапсырмалар шықты.
- Бірінші тапсырма: ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: төрт түлікті тез айта білу.
- Екінші тапсырма: «Жануарлар қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айта білу.
- Үшінші тапсырма: «Жабайы жануарларды орманға, үй жануарларын үйге орналастыру» дидактикалық ойын.
(Бір кезде дыбыстар естіледі, төлдердің бет - пердесін киген оқушылар шығады)
- Иеміз қайсысын жақсы көреді?
Лақ: - Ием мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, түбітімізді киімге пайдаланады, – деді.
Құлын: Лақ, сен орынсыз мақтанба, бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біздің етіміз де азық, сүтіміз де шипалы, қазы – қарта, шұжық, жая, қымызды тек бізден алады.
Бұзау: Сендер босқа мақтанбаңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы біз. Шелек - шелек сүт, қарын - қарын май, қап - қап құрт, ірімшік бізден шығады. Мінсе көлік боламыз. Менің терімнен, жүнімнен төсеніш жасалады. Адамға менен пайдалы ешқайсың жоқ, -деп мақтанады.
Бота: Мал қадірлісі біз. Адамдар біздің шұбатымыз бен мамықтай жүнімізді пайдаланады. Иеміз бізді жақсы көреді.
Тәрбиеші: Сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыларыңның өз орындарың бар, адам үшін барлықтарың да пайдаласыңдар. Сендерд і балалар күтіп отыр Сендерге арналған мақал -мәтелдер бар екен. Соны тыңдайық. Өздеріңнің адамға қаншылықты пайдалы екендеріңді білетін боласыңдар.
«Мақал - сөздің мәйегі»
• Сиырдың сүті - тілінде.

• Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.

• Түйе - байлық, қой мырзалық , жылқы сәндік.

• Ер қанаты - ат.

• Жақсы ат - жанға серік.

• Семіздікті қой көтереді.

• Жылқының сүті – шекер, еті - бал.

• Мал төлімен жарасар,
Жер гүлімен жарасар.
Тәрбиеші:
- Балалар, адам өз баласын жақсы көрсе, сүйсе, жануарларда өз баласын сүйеді.
Қой сүйеді баласын қоңырым, - деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным, - деп.
Түйе сүйеді баласын боташым, - деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым, - деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым, - деп.
-Қандай тамаша жылы сөздер. Есте сақтап жүріңдер!
Қорытынды:
«Түйілген жіп сезімдер»і ойынын ойнау.
Мақсаты: балалар оралған жіптерді кезектеп бір - біріне беріп отырып, бүгін не есінде қалды, күтпеген қандай жағдайлар болғанын, өзіне не алды, не ұнады сол жайында айтып беруі қажет.
Рефлексия:
- Балалар, қолымыздағы тамаша төлдердің суреттерін бір - бірімізге сыйлайық. Сыйлаған кезде бір - бірімізді төл аттарымен атап, жылы лебіз білдірейік.Мысалы: менің қошақаным, сүйікті лағым, ботақаным т.б.
Әр баланың еңбегін бағалап, мадақтау.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: kulanda (2015-02-07)
Просмотров: 2279 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2 |
Всего комментариев: 1
1 manshuk-2804  
0
Рахмет. Еңбегіңіз жансын!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz