Понедельник, 2024-04-29, 10:49 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 749
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Көпбұрыштың периметрі. Математика 2 сынып
Тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі
Мақсаты:
1) Оқушыларға көпбұрыштың периметрі туралы мағлұмат беру.
2) Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Ребус, карточка
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырып
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
VII. Қорытынды
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)амандасу
Бізде бүгін ерекше күн. Ерекше деп атайтын себебім: бізге көптеген мұғалімдер келіп отыр. Ендеше келген мұғалімдер амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Сабағымызды бастамай тұрып топтармен танысып алайық.
І топ – «Ойшылдар»
Ұранымыз: Тегі деп саламыз, маңызы деп оқимыз, математика сабағын.

ІІ топ – «Білгірлер»
Ұранымыз: Оқы біл үйрен, жаманнан жирен.

ІІІ топ – «Тапқырлар»
Ұранымыз: Оқы, оқы және оқы.

Үй жұмысын тексеру. 78 бет №6

Жаңа тақырып

Барлығымыз мына тақтаға көңіл бөлейік, назар аударайық. Сабақты бастамас бұрын мына ребусты шешіп алайық.


Балалар қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
(тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, көпбұрыш)

Көпбұрыш дегеніміз не?
Көпбұрыш дегеніміз тұйықталған сынық сызықты айтамыз.
Көпбұрыштың нелері болады? (қабырғалары, төбелері)
Көпбұрыштың төбелері немен белгіленеді? (латын әріптерімен)
Көпбұрыштың үзындықтарын қалай табуға болады? (барлық қабырғаларын қосу арқылы)
Мысалы:
Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз көпбұрыштың периметрі, яғни геометриялық фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы көпбұрыштың периметрін табуға болады.
Мақсатын айту.
Периметр – Р әрпімен белгіленеді. Р - табудың мынадай формулалары бар.

Р=a+b+a+b P=a+b+c+в

Р=a+a+a+a P=a+b+c

Жаңа тақырыпты бекіту.
1-тапсырма. Карточкамен жұмыс.

P=6+3+6+3=18 P=7+7+7+7=28 P=5+5+3=13

2 тапсырма. Тақтамен жұмыс. №5 есеп. 80 бет
а)Жер ұзындығы - 5м
Ені - 4м
Неше метр дуал керек - ?
Шешуі: Р=4+5+4+5=18м
Жауабы: 18м дуал керек.
Дуал дегеніміз не? Дуал – жерді қоршауға арналған ағаш.

ә) Қабырға ұзындығы – 3м
Қанша метрлік ернеулік керек - ?
Шешуі: Р=3+3+3+3=12м
Жауабы: 12м ернеулік керек.
Сергіту сәті. Қара жорға» биі
3-тапсырма. Карточкамен жұмыс.
А)2 сынып – 7 қыз
3 сынып – 6 қыз
Би жарысына неше қыз қатысты - ?
Шешуі: 7+6=13 Жауабы: 13 қыз қатысты.

Ә) Барлығы – 15 қыз
Ұлттық би – 5
Қазіргі биге - ?
Шешуі: 15-5=10 Жауабы: 10 қыз

Б) Ұлттық би -5 қыз
Қазіргі биге - 10 қыз
Барлығы - ?
Шешуі: 5+10=15 Жауабы: 15 қыз

Сұрақ-жауап. Үшбұрыштарды жинақтау.

Сабақты бағалау. (Бағалау кестесі)
Үй тапсырмасын беру. 81 бет №7
Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта не өттік?
- Нені білдіңдер?
- Нені үйреңдіңдер?

Источник: http://bala.ucoz.ru/publ/0-0-0-0-1
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: manshuk-2804 (2015-05-16) | Автор: Маншук
Просмотров: 883 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz