Суббота, 2017-09-23, 11:04 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [26]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [152]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 727
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Мемлекеттік рәміздер
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салады, олар мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғынады, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін сезінеді.
2. Дамытушылық: Ой - өрісі, танымдық қабілеті, жеке дара тұлға ретінде дамиды.
3. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиеленеді.
Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал - мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Көрнекілігі: компьютер, теледидар, суреттер, парақшалар, жалаушалар, стикерлер
Пән аралық байланыс: музыка, бейнелеу.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: жеке, жұппен, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу.
Ақпараттық және көрнекі құралдар: компьютер, қоржын, асық.
Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберіне» шақыру
Сәлем саған, күн нұры,
Сәлем саған , жер - ана.
Сәлем саған, достарым,
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
Сәлеметсіз бе, қонақтар!
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Сыныпты 5топқа бөлу:
Ал, енді балалар қазір мен сендерді 5 топқа бөлемін.(қоржыннан асық алып, көрсетілген түске байланысты әр топқа бөлінеді)
Үй тапсырмасын тексеру
Көрсетілген түске байланысты әр топ сол сұрақтар бойынша жұмыс істейді
- Қала мен ауылдың айырмашылығы қандай?
- Қалалықтар мен ауылдықтар өз өнімдерін кімге арнап шығарады?
- Қала үйі мен ауылдағы үйдің қандай айырмашылықтары бар?
- Фермер қожалығы мен шағын кәсіпорын не шығарады?
- Қалада және ауылда қандай салт-дәстүр сақталады?
- Кәсіби мерекелерді ата.
- Сақ патшасының қабірі қай жерден табылды? Онда нелер болды?
- Ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ата.
- Қандай ежелгі құрылыстар Әлемдік құнды мұра тізіміне енгізілді?
- Қазақстан қашан тәуелсіз мемлекетке айналды?
- Егемен елдің қандай белгілері болуы керек?
- Сен қандай құқықтарды пайдаланасың?
- Қандай міндеттерді орындауың керек?
- Мемлекетті кім басқарады?
- Қазақстанның тұңғыш Президенті қашан сайланды?
- Парламент пен Үкімет қандай жұмыстар атқарады?
Сергіту сәті
- Егер сіз мектепке қуана-қуана барсаңыз, оң қолыңызбен бұлғаңыз;
- Егер өз күшіңізге сенсеңіз, орныңызда секіріңіз;
- Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;
- Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;
- Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, өолдарыңызды ұстаңыз.
Ой қозғау сатысы
Ал, енді оқушылар теледидарға назар аударамыз. Сендерге ребус берілген.Қане, барлығымыз мұқият ойланып, шешейік...
Елтаңба, Байрақ, Әнұран
Қызығушылықты ояту сатысы
Қазір біз «Мемлекеттік рәміздер» туралы оқимыз. Алдымен не білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар (1 минут). Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң бес минут ішінде жұбыңызбен рәміздер туралы не білетініңіз туралы тізім жасаңыз. Мемлекеттік рәміздер туралы білетіндеріңізді көбірек жазғандарыңыз маңызды. Топта талқылайды.
Мағынаны тани білу сатысы
Оқулықтан «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбын оқу.
I – Рәміздегі бейнеленген күн, қыран,шаңырақ, уық , тұлпарлар нені білдіреді?
II – Мемлекеттік елтаңба туралы
III – Мемлекеттік ту туралы
IV – Мемлекеттік елтаңба туралы
V – Менің қиялымдағы рәміз (сурет салу)
Шет елден келген қонақтарға өз еліміздің рәмізімен таныстыру. Әр топ қорғайды.
Бағалау.
Үйге 141-143 бет қайталау, Отан туралы мақалдар жазу, білу.
Рефлексия. Үш суреттің біреуіне жүрекшені апарып жабыстырады.
Күн нұрын шашып тұр-сабақ ұнаса.
Бұлтты күн – сабақ көңілінен шықпаса.
Жаңбырлы күн – сабақ мүлде ұнамаса.
Сабағымызды «Көк тудың желбірегені» атты әнімен аяқтаймыз.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: karla (2014-05-01) | Автор: Отениязова Карлыгаш Орынбаевна
Просмотров: 393 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2017
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz