Четверг, 2024-04-25, 8:36 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 749
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Құрмалас сөйлем
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм Кайракбаева Улдай Сагындыковна Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу дағдыларын тексеру.
Міндеттері: 1)құрмалас сөйлем , оның түрлері мен жасалу жолдары туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, білімдерін пысықтау;
2) құрмалас сөілемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру; 3) оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білуге төселдіру, сауаттылыққа үйрету.
Типі: қайталау
Әдісі: СТО стратегиялары, талдау, салыстыру,іздендіру.
Сабақ барысы .
I.«Ойқозғау» кезеңі.
Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен.
Тапсырма. Берілген ойды жалғастырып, сабағының мақсатын анықта.
1.Кез-келген адамда қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсаты болады, сондықтан ол өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша...
2.Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым...
3.Басқа адамдардың сөзін тыңдай білу де - өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...
II.Мағынаны тану кезеңі. Адам өзінің туған тілін құрметтемесе, өзге тілді де құрметтемейді. (Шартты бағыныңқы сабақтас)
Ғалым болу міндет емес, білімді болу – парызың.(Қарсылықты салалас)
Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді. (Себеп – салдар салалас)
«Ой жалғау» сатысы.
Қайталау- білім анасы.
Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды. Өз ойларын қағаз беттеріне түсіру тапсырылады.
Тақтаға сөйлемдер жаздыртып, оған синтаксистік талдау жасатады. Бір оқушы бір сөйлемді жазып, оның тыныс белгілерінің қойылу себебі мен түр - лерін ажыратады.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. Көз – қорқақ, қол – батыр. Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Сабақтас құрмалас сөйлемге тоқталып, бағыныңқы компонентінің баяндауышының жасалу жолына түсінік бергізу.
«Кім жылдам?» Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).
Кітап-қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмек көрсетуге әзір. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, міндет қылмайды, ақы сұрамайды. Бірақ сен де кітапқа опалы бол. Оны сүй! Оның айтқан ақылын ұғып, көкейіңе кұйып ал. Өзің білген жақсылығыңды жұрттан қызғанба, үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі! Ол көпке таратқанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап- ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.
III. «Ойтолғау» сатысы.
1. Шығармашылық – білімді адам жететін шың.
Әр топқа суреттер таратылады.
Тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін қатыстырып, шағын мәтіндер құрастыру(Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырамын).
2. Құрмалас сөйлем туралы не түйдік? Соны қағаз бетіне бір
сөйлеммен жазып ,бүктеу арқылы қасымыздағы құрбыларымызға береміз(Соңында жазылған сөйлемдерді өздеріңе оқытамын ).
Үйге тапсырма: I топ: Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы. II топ: Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал – мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: Айару (2016-01-22)
Просмотров: 554 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz