Пятница, 2017-06-23, 6:33 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [26]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [152]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 727
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

сценарий новогоднего карнавала для детей начальных классов на казахском языке
«Кел,жаңа жыл,жаңа жыл!» мерекесі
( музыка)
1 бастаушы.
Аппақ бүгін қыр,далам,
Ақ дастархан жапқандай .
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде қуаныш.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!

2бастаушы:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы ,арманның
Жақсы дәстүр кеңейсін.
Оқ атпасын ешкім де,
Өмір деген тым ыстық!
Жұмыр жердің үстінде ,
Бұзылмасын тыныштық!

Балдырған:
Ау бақытты ұландар,
Айлы көкке қараңдар.
Мініп аппақ кемені,
Жыл ғарыштап келеді.
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны,
Ән мен билер басталсын,
Мерекелік тойды енді
Мен-Балдырған – басқарсын!

Ән: «Жаңа жыл»

(Бүлдірген балаларды күлдіріп ,әркімге соқтығысып жүреді)

Бүлдірген:
Маған бүгін бәрі көңілсіз!
Сендер бәріңіз неге мәз боласыңдар осы?! Мен бүгін тіпті бір түрлі болып тұрмын.Жамандық істеп, бірдеңені бүлдіргім келіп тұр.

1 бастаушы:
-Жоқ бүлдірген сен олай балалардың мерекесін бұзба. Бұл мерекені балалар неше ай бойы күтті десеңші?!
-Балалар неше ай күттік?
-Он екі ай!
-Олай болса жақсы ән шырқайық ,сен де тыңда ,Бүлдірген!

Ән: «Шырша жыры»

Бүлдірген.
-Қойыңдаршы осы ән дегенді! Маған ештеңе ұнап тұрған жоқ!
-Қой мен бірдеме бүлдірейін. Қане кімді ұрып жіберейін?!
(Музыка)Мыстан:
Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметі-ай!Үйге алып кетсем бе екен?!
Мұғалім: Мыстан кемпір! Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан:Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой! Мынау қандай қызық қорап өзі, осы қорап бағанағы менің ұшып келе жатып көрген зат болар! Сол заттың керемет иісі бар, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы қорапты алып барып ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
(кетеді, қалтасынан бір таяқ түсіп қалады)

2бастаушы.
-Балалар ,біздің тойымызға бір нәрсе жетіспейтін сияқты?
Бүлдірген.
-Таптым , мен таптым.Менің іс- әрекетім жетіспейді!

Балдырған:
-Қой ,Бүлдірген тойдың шырқын бұзба!
1бастаушы:
-Балалар , таптым! Біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұрған жоқ па? Олар біздің мектебімізді таба алмай жүрген шығар. Қане, бәріміз дауыстап шақырайық, даусымызды естіп,бізді тауып алар.
Бәрі:
Аяз ата,Ақшақар
Келіңіздер біздің ортамызға!( 3 рет)
Аяз ата:
-Армысыңдар , балаларым!бармысыңдар халайық!
Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан- тойын аралап келемін.Міне , сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті, Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі тұрсыңдар Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Ақшақар: Ата, жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін!
Аяз ата:Айналайын-ау, не болып қалды, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге кетемін.
Аяз ата: Қызым –ау, не айтып тұрсың? Қарашы , біз тойға келдік! Кәне, балалармен амандасайық
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!
-Рахмет, рахмет балаларым! Кәнеки, қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер! Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
(Ақшақар жылап қояды): Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз ата: Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын
Ақшақар: Қойыңыз, ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз!
Мұғалім: Сиқырлы таяғыңыз қандай екен?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңдер ме?
Мұғалім: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе? Кәне, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
Тиін: Міне, таптым!
Аяз ата: Жарайсың, балапаным! (шыршаны жағады)

(Қоян жылап отырады)
Ақшақар: Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Неге жылап отырсың?
Қоян: Бәрі жақсы-ау, бірақ біздің әсем шыршамызды Қар ханым өзінің сарайына апарып, мұздай қатырып тастады
Ақшақар: Ой, енді балаларға не деймін, енді қайттім?
(Түлкі әндетіп кіреді):
Мен түлкімін, түлкімін.
Тұнып тұрған күлкімін
Бәрің де маған жетпейсің
Алдымнан келсе өтпейсің!
Ақшақыз: Сәлеметсіз бе, Түлкіжан! Сенің құлығында шек жоқ ғой, сен бізге осы құлығыңмен көмектес, біздің шыршамызды Қар ханымы сарайына алып кетіпті.Бүгін Жаңа жыл мерекесін әсем шыршасыз қалай тойламақпыз. Қар ханымның жүрегін жылытып шыршамызды қайтаруымыз керек!
Түлкі: Ым.Ә, жарайды, менімен бірге жүріңдер, кеттік!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Қар ханымы! Біз Сізді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағалы келдік!
Қар ханымы: Қош келіңіздер!Иә, менің сарайымда неғып жүрсіңдер?
Түлкі: О, біздің құдыретті Қар патшайымы, біз ең алдымен сізді құттықтағалы келдік, біздің әсем шырша мерекесі сізсіз қызық өтпейді ғой, сізге әкелген сыйымыз да көп, бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға шақырамыз.
Қар ханымы:Ым, әуелі менің бір шартым бар: менің көңілімді көтеріңдер!
(Қаршылар биі)
Түлкі: Қар ханым, көңілің көтерілсе, мен саған бір сиқыр көрсетейін, бәрі өз өнерін көрсетіп жатыр ғой. Мен де өз өнерімді көрсетейін!
Қар ханым:Ой, түлкі! Сен мені қатты қорқыттың ғой. Енді шыршаны ортаға салайық, бәріміз жаңа жылды бірге қарсы алайық.
Санта Клаус: Dear children!
Happy New year! New joy for you all.
Many happy returns off this day. Let me hear in this wonderful assembly hall your songs, music and laugh.

(ағылшын тілінде ән айтылады)
(вбегают Хлопушки)
Учитель: Как не стыдно вам,Хлопушки,так некрасиво вести себя на празднике?
Хлопушки: Мы, конечно, виноваты!
Вы простите нас, ребята!
Не будем больше мы шуметь
Не бойтесь, Заяц и Медведь!
Дед Мороз: Здравствуйте, ребятки!
Девчонки и мальчишки!
Я спешил на елку к вам,
И услышал шум и гам.
Вижу, бегут зверушки
Напугали их Хлопушки
Где же спрятались подружки
Две разбойницы-Хлопушки?
Хлопушки:
Мы ведь просто пошутили
Иребят развеселили!
Мы веселые подружки Пиф иПаф!
Развеселые Хлопушки Пиф и Паф!
И большие хохотушки
Рады прыгать, как лягушки!
Снегурочка: Дед Мороз, давайте простим их, разрешим им веселиться вместе с ребятами на прзднике
Дед Мороз:
Ну что же, разноцветные Хлопушки, новогодние игрушки!
Вы зверушек не пугайте! С нами Новый год встречайте
Прнимайте-ка, ребята,
И меня в свой хоровод
И ребята, и зверята
Вместе встретим Новый год!
Давайте вместе споем песню : «В лесу родилась елочка»
Ақшақар:
Қардан шыққан Қарғашпын сұлу айдай қиылып ,
Жаңа жылмен құттықтап сәлем берем иіліп.
Келе жатқан Қоян жылы ,
Береке , бірлік әкелсін сендерге!
Аяз ата:
-Ал балаларым, мен енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Мына менің қасымдағы аса таяғым құр таяқ емес, сиқырлы таяқ. Бұл аса таяққа
тисеңдер қатып қаласыңдар.

Ойын :«Ескертіш»

(Балалардың тақпақтары)
Аяз ата:
Ау бүлдіршін қыздарым,
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
-Қане, бастаңдар әндерің мен билеріңді!

Ән «Жаңа жыл»

Аяз ата:
-Қане кәрі сүйектерімді шытырлатып сендермен би билейін, жіберіңдер музыканы!

Аяз ата мен балалардың көңілді биі.

(Би биленіп жатқан кезде Ақшақардың балаларға алып келген қорабын Мыстан кемпір ұрлап кетеді)

Ақшақар:Ата,Ата менің мына жерде тұрған қорабым жоқ.
-Балалар, менің қорапшамды көрдіңдер ме?
-Кім алды екен?
-Мүмкін Мыстан болар!

Мыстан :-Ә-ә , енді мені естеріңізге алдыңдар ма,
Бермеймін, қорапшаны !Бермеймін деген соң ,бермеймін.Маған не істей аласыңдар!

1бастаушы:
-Қорапшада не бар еді Ақшақар? Аяз атаның сыйлықтары мына дорбада
емес пе?
Мыстан: Ә-ә мына қорапшада ең асыл заттар, сендерге қымбат дүниелер бар.
- Біріншіден -3 «А» сыныбының «4» пен «5» бағалары бар. Енді олар тек
2 мен 3- ке оқитын болады.(Әрі – бері теңселіп жүреді)
-Ал екіншіден бұл қорапта 4 «А» сынып қыздарының достығы бар .Мен енді ол достықты өлсем де бермеймін.Енді олар күнде бір – бірімен ұрысып , бір- біріне қатты сөз айтып, бір-бірін күнде жылататын болады.
- Ал, -а-ал , ү-шін-ші-ден : 1 сыныптың Тоғжан апайын ұрлап кеттім.
Ал енді қайтесіңдер , апайларың жоқ, енді қалай оқыр екенсіңдер! Ха-ха-ха

2 бастаушы:
Әжетай, сіз қайда да балалардың шырқын бұзасыңыз да жүресіз.Ертегілерде де үнемі адам баласына қастандық жасап келесіз.Жаңа жыл келе жатыр, балалардың көңіл күйін бұзбай – ақ қойыңызшы.

Мыстан: Оған өздерің кінәлісіңдер, үнемі мені шеттетесіңдер де жүресіңдер.Мен де сендермен болғым келеді.Мені неге жұртпен бірге тойға шақырмайсыңдар?

1 бастаушы.
Әжетай ,шақырарын, шақырар едік-ау, бірақ.....
Сіз үнемі кір- кір , шашыңыз қопырап жүреді. Тіпті балалар тұрмақ, үлкендер де сіздің түріңізден шошып кетеді.

Мыстан :Ой, ол да сөз болып па, менің де әдемі көйлегім бар.

Музыка ойналады (Би биленіп жатқан кезде мыстан кемпір киініп келеді)
Мыстан би біткен соң Аяз ата мен Мыстан тобына бөліп «Қар лақтыру»
ойынын ойнатады.
Жеңілгендер өнер көрсетеді.

Аяз ата: Балаларым, ойын ойнап, ән салып жүргенде жаңа 2011 жылдың да келіп қалғанын сезбей қалыппыз-ау.

1 бастаушы:
Жаңа жыл келді міне жерімізге
Әкелсін құт- береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

2 бастаушы:
Төрлет, қане Жаңа Жыл,
Үлестір құт, береке.
Көп қуаныш ала жүр,
Көп болсыншы мереке!

Жаңа жыл:

Халқым менің!
Жаңа жылмын мен,
Елді шарлап, самғайын,
Бір күн қызық бір күннен,
Бола берсін әрдайым,
Жаңа жылдың бастауын,
Сендерменен тойлайын,
Аман болсын халқымыз!
Арта берсін даңқымыз,
Дами берсін үздіксіз,
Жақсы дәстүр-салтымыз!

Аяз ата:
Ау халайық , айдай балаларым! Міне ,сендермен де қоштасатын сәт те келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси берсін, алған бағаларың тек
«4» пен «5» болсын!
Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар.Енді соларға жол бастайын.

Ақшақар:
Күтіп отыр балалар,
Тағат таппай сағынып.
Оқалы шам бағандар,
Зерделі моншақ тағынып.
Жаңа жылым , жас ұлан,
Тұсауыңды кесейін!

(Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып кетеді)

Санта Клаус: It`s time to say: good bye.
We`ll met next year, my dear children.
It`s time for me to leave.
My speech well be not long: I tell you: good bye, good bye!
I`ll wale wait for new meetings.

Дед Мороз: У нарядной елочки пела детвора,
Но прощаться с вами мне пришла пора!
До свиданья дети, веселых вам потех!
С Новым годом всех!

1 бастаушы:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
2 бастаушы:
Ескі жылға ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз!

Бәрі:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Құтты болсын Жаңа 2011 жыл!

Ән. « Наурыз Серік»
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: яркая (2014-02-18)
Просмотров: 913 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2017
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz