ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Мақталы алқаптан рухани орталыққа баратын көпір қашан салынбақ?
Халықаралық еңбек ұйымының журналистерге арналған конкурсында бірінші орынды иеленген «Мақта ішінде бала жүр ... құл секілді» мақалада («Жас қазақ», 2006 ж, 16 сәуір) көтерілген мәселелер аяқ асты қалмастан, осы ұйымның қолдауымен ұлттық кеңесші осы жазда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты «Қоғалы» ауылында мақта шаруашылығындағы бала еңбегін жою мақсатында серіктестермен кеңес жүргізіп, кепілдемелер дайындаған болатын. Балалардың ауыр еңбекке ерте жасынан араласуы еліміздегі әлеуметтік өткір мәселе болып отырғандығы, себептері мақалада талданған-ды. Енді «Жас қазақта» көтерілген проблема бойынша, ұлттық кеңесшінің кепілдемелері негізінде Орталық Азия және Қазақстан елдеріндегі бала еңбегінің ауыр түрін жоюға бағытталған халықаралық бағдарлама аясында жоба дайындалып, алдағы 2007 ж. қаржыландыру қарастырылуда. Осы жоба жүзеге асса, онда еліміздің оңтүстігіндегі ең шалғай ауылдың бірінде балаларға көп қамқорлықтар жасалары сөзсіз. Мақалаға нысан болған ауыл тұрығындары арасында ақпараттық науқан жұмыстарының жүргізілуі бас пәтері Швецарияда орналасқан Халықаралық Еңбек Ұйымына «Қоғалы» ауылының мысалында мақта шаурашылығындағы бала еңбегін жою үшін қоғамдастықты ынталандырудың үлгісін дайындауға және оны аймақтың басқа да мақталы алқаптарында таратуға болатындығы жайлы кепілдеме дайындау үшін жүргізілді. Ұлттық кеңесшінің жұмысы мақсатты топтың ерекшеліктеріне байланысты 3 бағытта жүргізілді. Бірінші бағыт бойынша 6-17 жас аралығындағы мектеп жасындағы ауыл балаларымен болған кездесулерде кеңесші бала еңбегі, бала еңбегінің ауыр түрі, сондай-ақ әлемдегі бала еңбегінің қазіргі жағдайы жайлы да ақпараттандырды. Балалар арасында бала еңбегімен күресу мақсатында қозғалыс құру үшін ынталы оқушыларды айқындап, дайындау мектептің дәрігері мен психологына жүктелді. Мұғалімдер мектеп оқушылар ішінде денсаулығы нашар, емдеуді қажет ететін балаларды сауықтыру орындарына жіберу мүмкіндіктері қарастырылса деген ұсыныс білдірді. Өйткені аудандық оқу бөлімінен балалар лагеріне бөлінетін жолдамалар шалғайдағы мектепке тие бермейді. Оның үстіне жағдайы нашар ата-аналардың балалардың емдеу орындарына жолдаманы сатып алуға мүмкіндіктері бола бермейді. Осы ұсыныс кейін ауыл тұрғындары жиналысында да талқыланып, ынталы топ емдеуді қажет ететін балалардың тізімін дайындады. Ауыл экологиялық аймаққа жататындықтан балалар ішіндегі ауру жылдан жылға көбейіп келеді. Ресми түрде «Қоғалы» елді мекені экологиялық аймақ деп жарияланбаған. Дегенмен ауылдық мекендегі экожағдай сын көтермейді. 1995 жылдан бері ауылға келетін ауыз су құбырлары істен шығып, содан бері ауыл тұрғындары ауыз суды тасып ішеді. Судың 1 т. бүгінде 1500 теңге. Халықтың барлығының бірдей ақылы ауыз суына қол жете бермегендіктен кейбір нашар жанұядағылар ауыл маңындағы дренаж (құрамында натрий көп) не канал (суармалы су) суын ішуге мәжбүр. Бұл әсіресе жазда балалар ауруының көбеюінің бір себебі (тәулігіне адам баласы 50 л. ауыз суды қажет етеді. Орта есеппен бір жанұяда 6 адам болса, онда күніне 300 л. су, 1 айға 9 т. су қажет). Жалпы №25 мектепте 417 оқушы білім алады. Соның қаны аздықпен ауыратын балалардың саны 155-ден астам. Көлемі 5,7 млрд. м3 Шардара су қоймасының қалдық суы ағып баратын су бассейнінің көлемі 5,0 млрд м3 «Айдаркөл» «Қоғалы» ауылына жақын орналасқан. Осы су бассейнінен ұшқан тұз ауылдағы микроклиматты қатты өзгертуде. Су бассейнінен ұшқан тұз балалар денсаулығына зиян келтіруде. Қазақстан мен Өзбекстан шекараларын арасында Орталық мемлекеттік коллекционер каналы арқылы Өзбекстанның мақталы алқабының қалдық суы ағады. Канал арқылы аққан, оның маңындағы көлшіктерден суды ішкен мал ауру болады (ауылда 6 жанұяда, соның ішінде балалар дла бруцеллезбен ауырған). Соңғы жылдары канал маңындағы көлдердің балығын аулаған тұрғындар оның денсаулыққа зияндығынан пайдасын көбірек ойлайды. Балалардың ішінде туберкулез ауруы да жиі кездеседі. Бұрын ауылдық дәрігерлік амбулаторияның орнына ашылған ФАП - фельдшерлік-акушерлік пункте сақталатын вакциналарды электр бірқалыпты берілмегендіктен санитарлық талапқа сай сақтау қиын. Ауыл тұрғындарымен ұлттық кеңесшінің жиналысы ұлттық кеңесші жұмысының екінші бағыты болды. Ауылда 200-ге жуық отбасы бар. Ауыл адамдары арасында бала еңбегі жайлы мәселені түсіндіруді, бала құқының сақталуы, қорғалуы жайлы бақылау үшін «ынталы топ» құру жайлы ұсыныс жасалды. Көпшілік талқылай отырып, 200-ден астам жанұя мүшелері арасында бала еңбегімен күресу мақсатында жұмыс істейтін «ынталы топтың» мақсаты мен міндеттерін айқындады. Келесі мәселе – тұрмысы нашар, көп балалы жанұялар мен денсаулығы балаларды айқындап, тізімін жасау. Мақталы алқапта 6 жастан балалардың еңбектенуінің бір себебі – осы жағдайы нашар жанұядағы балалардың тұрмыс және өмір сүру қажеттігінен туындайды. Ауыл әйелдерін балалардың денсаулығын жақсарту үшін емдеу-сауықтыру орындарына жолдама алудың қиындығы және тұрмысы нашар ата-аналардың жағдайы көтермейтіндігі көбірек толғандырса, баланы үй ішінде жұмсау, мал бағуға жұмсау, бау-бақша еңбегіне араластыру бала еңбегінің ауыр түрі болып санала ма деген сұраулар ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары басшыларын түйткілген салған сұраулар болды. Мәселенің бастысы – балаларға арналған орталық жайлы болды. Кеңестер Одағы тарағалы совхоз орталығы болған «Қоғалы» кейін «Атамекен» ауылдық окруына қарасты елді мекен болды. Ауылдағы жалғыз мәдени орын – клуб бүгінде тарап, тек орны қалған. Тұрғындар балалар орталығының ауыл балаларының бәріне ортақ болуы үшін оған арнайы жер бөліп, жаңадан салу жөнінде ұсыныстарын айтты. Бұл орталық балалардың рухани, интеллектуалды дамуымен қатар дені сау болып өсуі үшін де универсалды болуы керектігін тұрғындар бір ауыздан мақұлдады. Балалардың универсалды орталығы интеллектуалдық: қазіргі заманғы ақпараттық технология мен балалар кітапханасы қорымен қамтамасыз етілуі; шығармашылық: өнерге, мәдениетке икемді балалардың шығармашылық, шеберлік студиясы болуы; салауатты өмір сүру мақсатында балалардың спортпен шұғылданатын спорт клубы болуы тиіс. Үшінші бағыт бойынша кеңесші мектеп мұғалімдері, дәрігерлері, психологтарымен кездесті. Мақта алқабындағы бала еңбегі жайлы зерттеулері жайлы таныстырған кеңесші алдағы оқу жылынан бастап оқушылар арасында бала еңбегіне қарсы қозғалысты ұйымдастыруда белсене араласуын түсіндірді. Озат оқушылар ішінен қозғалыстың мүшелерін ұсынуды, қозғалыстың мақсаты мен міндеттері жайлы, оның аталуы жайлы да ұсыныстарды ойластыруды тапсырды. Мақта шаурашылығындағы бала еңбегін жою жайлы кепілдемелерде шаруа қожалықтарының басшыларын біріктіретін шаруалар қауымдастығын құру; шаруа қожалықтарының қосымша жұмыс күшін жалдау, қажетті техниканы пайдалану мүмкіндігін тудыратын микронесиелер бөлу жолдарын қарастыру; «ынталы топ», балалар қозғалысы мен балалармен жұмыс істейтін маманның жұмысын қолдай отырып, мақтадағы бала еңбегімен күресетін әлеуетті жұмыс желісін құру; бала еңбегінің ауыр түрін жою жұмыстарын үйлестіретін Ақылдастар кеңесіне әлеуетті жұмыс желісін толықтай бақылау мүмкіндігін беру; тұрмысы нашар жанұялардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы бөлу жолдарын қарастыру; емдеу-сауықтыруды қажет ететін балаларға жолдама беру мүмкіндіктерін іздестіру; ауыл балаларының барлығына тиімді «Универсалды балалар орталығын» ашу; мақта шаруашылығымен айналысатын ауылдардағы бала құқын қорғау үшін мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қолдаулар көрсету сияқты факторлар қарастырылды. Алдағы күндері мақталы алқаптан рухани орталыққа баруды аңсаған балалардың тілегі халықаралық еңбек ұйымы таарпынан бөлінетін қаржы мен қолдауларға байланысты болып отыр.