Тақырыбы: Қайырымдылық еткен жалықпас... Мақсаты: • Оқушыларды қамқорлық, қайырымдылық ұғымдарымен таныстыру • Қамқорлық, қайырымдылықпен айналысатын адамдарға жағымды көз қарас қалыптастыру Ой-өрістерін кеңейтіп, тілдерін дамыту Көрнекі- құралдар: • Ватман беттері, фломастерлер, маркерлер • Слайдтар • Фотосуреттер • Классикалық музыка • Термин сөздіктері Барысы 1.Кіріспе сөз 2. Қағидаларды қайталау (№1Слайд) • Дер кезінде келу • Позитивті болу • Сынға алмау • Сөзді бөлмеу, қысқа сөйлеу • Еркіндік • Құпиялық • Персонификаия • Гендер сезімталдығы 3.Сәлемдесу (№2 Слайд) 4.Танысу «Мен... болғым келеді» (Слайд№3) Әр қатысушы еркіндік принципы бойынша, шеңбер бойлап өзінің атын атап, қандай табиғат құбылысы болғысы келеде, неге екені айтып шығады. (Мысалы: «Менің атым Айгүл. Мен бұлақ болғым келеді, себебі...») Жүргізушінің сөзі. 5.Ассоциативті картаны толтыру (Слайд № 4): Адамның жақсы қасиеттерін атау Жүргізушінің сөзі. 6.Сабақтың тақырыбымен таныстыру (№5 Слайд): «Қайырымдылық еткен жалықпас» 7.Үміт арту (№6 Слайд): Бүгінгі сабақтан нені күтемін ( Плакаттағы себеттін сыртына жазып шығу) 8. Ұлы Қытай философы Конфуцийдің сөзін талқылау (Слайд №7): «Өзгеге жақсылық жасаған адамның-өзіне жақсылық жасағаны» Әлемде көмекке мұқташ адам өте көп. Олардың ішінде балалар да, қариялар да, мүгедектер де бар. Әр заманда қайырымдылық көрсететін адамдар молшылық. Кімді осы қатарға қосуға болады? (Қатысушылардың қысқаша әңгімелері) 9.Слайд № 8: қайырымдылықпен айналысатын адамдар бейнесуреттері: Надежда фон Мекк, Павел Третьяков, Тереза Ана, Сара Назарбаева, Принцесса Диана, Чулпан Хаматова,Мстислав Ростропович... Осы адамдардың қайырымдылық статустарын анықтау. 10. Меценат, волонтер, спонсор деген сөздердін мағынасын анықтау. Меценат: ежелгі Римде Гай Меценат деген кісі тұрыпты, ол атақты саясаткер. Онымен қатар, өте бай болыпты. Гай Меценат талантты жас ақындарға қамқорлық көрсетіп ақшадай көмектесіп отырыпты. Кәзіргі заманда мәдениет саласында еңбек ететін адамдарға қамқоршылық ететін адамдарды меценат деп атайды. Волонтер: бұрыңғы заманда өз еркімен әскерге барған адамдарды волонтер деп атайтын. (Волонтер-өз еркімен, ерікті деген мағынадағы сөз). Кәзіргі заманда волонтер деп өз істерімен көмек көрсететін адамдарды атайды. 11.Неге қайырымдылық көрсетуге адамдар мұқтаж? Бұл сұраққа жауап берердің алдында кіші топтарға болініп «Сынық шаршылар» деген жаттығуды жасайық. (Слайд №9) Өз еркімен жарысқа түсетін ойнаушылар іріктеледі. Квадраттардың толық жиынтығы бес конвертке салынған.Бұлар қалың қағаздан кесіліп, бірнеше бөліктерден тұрады, ал оларды дұрыс жинақтамаса, 5 квадрат құрылатыны хақ. Әр конвертке квадраттардың бөлшектері реттелмей салынады. Жаттығу жасау үстінде қатысушылардың бір-бірімен сөйлесуіне болмайды, квадрат бөлшектерін беруге болады, алуға болмайды. Жаттығу біткеннен кейін сұрақ қойылады: Қандай сезімде болдыңдар? Кейде алу емес, беру маңызды. (Конфуцийдің сөзіне оралу) 12. «Қария мен теңіз жұлдыздары» атты аңызды тыңдау. 13. Кіші топтарға бөлініп аңызды талқылау. 14.Кіші топтарға бөлініп плакатқа қайырымдылықты бейнелеу, уақыт шыққаннан кейін әр топ өзінің жұмысын қорғайды. 15. Осы үлкен іске біздің қосар үлесіміз бар ма? 16. Акция: Мектеп кітапханасына сынып оқушыларының жинаған кітап тарын сыйлау. 17. Бағалау (№10 Слайд): таратып берілген гүлдерге әр қатысушы осы сабақта нені ұққанын жазып, еркіндік принципы бойынша, шеңбер бойлап айтып береді. Жүргізуші гүлдерді себеттін ішіне жапсырып тұрады. Соңында сұрақ қойылады: осы гүлге толы себет қандай ассоиациалар туғызады? (Сабақтын тақырыбымен байланыстыру) 18.Қорытындылау |