ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «М.Орынбасаров атындағы орта мектебі»мм Тулеубаева Мерует Муратовна Химия пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану, теориялық жеке – дара өз білімдерін тиімді пайдалану. Жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу. ә) Тәрбиелік: алған білімдерін өмірде пайдалана білу, өзіндік ой қорытуға, жан – жақтылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін есте сақтау т.б. б) Дамытушылық: қызығушылығын арттыру, өз- өзіне деген сенімін күшейтіп таным қабілетін дамыту, мұғалім бағыттаушы оқушы ізденуші рөлін атқару. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың типі: Біліммен білікті жетілдіру Әдісі: “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” педагогикалық технологиясының элементтері. Көрнекілігі: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, кестелер, әр түрлі тестілер, слайдтар, реактивтер. Сабақтың барысы: 1.ұйымдастыру 2.үй тапсырмасын сұрау Біліміңді сынап көр 1. Бейметалдар кестеде қалай орналасқан? 2. Период бойынша бейметалдардың ядро заряды қалай өзгереді? 3. Топ бойынша ядро заряды қалай өзгереді? 4. Период бойынша бейметалдардың атомдық радиусы қалай өзгереді? 5. Топ бойынша атомдық радиусы қалай өзгереді? 6. Екі атомды жай заттардан құралған газ күйіндегі бейметалдарды ата? 1.ІІІ периодта VI топта орналасқан элементті ата? 2.Электрондарының орбиталға орналасуы. 3.Электрондық формуласы. 4.Графиктік формуласы.