ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Оқушылар сарайы» ММ «Сымбат» би үйірмесінің жетекшісі: Бұлқайырова Айнур Рахмашовна Сабақтың тақырыбы: Көркем гимнастикалық жаттығулар Сабақтың мақсаты: • Қимыл қозғалыстың үйлестілігін, тепе теңдікті дамыту. Жеңіл және ырғақты жүгіруге үйрету. Зейінін, қимылын, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту. Шапшаңдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Спорттық жаттығуларды өз бетімен үйренуге ынта ықыласты, өзбетілік тәрбиелеу. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі: 1. Би қимылы мен амандасу. 2. Түгендеу тізім бойынша 3. Сабаққа назарын аудару. Жаңа сабақ: Көркем гимнастикалық жаттығулар. Көркем гимнастикамен шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, секіру, халықтық пен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан басталып өтіп келеді. Спорттағы сұлулық дегенде, алдымен көркем гимнастика еске түседі. Әдемі жүріс, ерекше киім үлгісі, ырғақпен қозғалу мұның бәрі нақ осы спорт түрінен табылады. «Гимнастика» деген атау гректің жаттығу, жалаңаш деген сөзінен шыққан. Гимнастика әр қимылдың орындалуынынң музыка ырғағымен орындалады. Көркем гимнастикалық жаттығу лентамен және сақинамен, жіппен, доппен орындалады. Және де затсыз да орындауға болады.Дене икемділігіне арналған жаттығулар, бас, иық, қол, аяқ жаттығулары. • Басты айналдыру • Иықты айналдыру Қолды айналдыру • Белді айналдыру • Аяқты сермеу Шеңбер жаттығуы Қол белде, аяқ ұшымен жүру Қол белде өкшемен жүру Қол белде Табан ішімен жүру Қол белде табан сыртымен жүру Қол артта аяқпен қолға тигізе жүгіру Қол алдыда тізені тигізе жүгіру Шеңбер ішімен екі қолды сермей жүгіру Жай жүріс, демді чыртқа шығару, демалу Сергіту сәті • Екі аяқты бүгіп отыру, қол жоғарыда, көзді жүму. Музыка сазымен демалу сәті 3 минут Гимнастикалық жаттығулар Корзина жаттығуы Кеме жаттығуы Қол белде, аяқты соза қолды аяққа жеткізу Станокта аяқ созу жаттығуы • Екі аяқты алма кезек созу, қолымызды аяққа тигізу. • Аяқты 90° көтеру Станок көмегімен шпагатқа отыру. Сальто айналу екі қолмен • Ауада шпагат жасау Гимнастикалық би музыка сазымен көрсету. Қорытынды бөлім: Дамыту: Баланың бос уақытын тиімді пайдалану, қызықтыру, жан- жақты ету, әрі қарай дамыту. Бекіту: Айна алдында мұғалімнің көмегінсіз жаттығуды қайталап орындау. Сапқа түру. Үй тапсырмасы Қорытынды: Сабақты бағалау, би қимылымен қоштасу.