Пятница, 2024-12-27, 2:05 AM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 751
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

«Композиция құрастыру» ( өрнектеу, әшекейлеу, раппорт, кестелеу)
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы № 8 ЖОББМ Технология пәнінің мұғалімі Танықова Айжан Алматовна
Сабақтың тақырыбы: «Композиция құрастыру» ( өрнектеу, әшекейлеу, раппорт, кестелеу)
Сабақтың мақсаты: Ою-өрнекті құрастырып, біріктіру, компазициялау.
Ұлттық нақышпен бұйымды кестелеуді үйрену. Оқушылардың іскерлік-дағдысын қалыптастыру, шығармашылығын ояту.
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: практикалық;
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, үлгімен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үлгілер, бұйымдар
Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;
Үй тапсырмасын тексеру;
Жаңа сабақты меңгеру;
Сабақты бекіту; үйге тапсырма беру;
Оқушылармен амандасып, құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындығын тексеру. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Өткен сабақ бойынша сұрақ: торлап тігу әдісі: тігіс қай жақтан басталады? Мата бетіндегі оюды неге жапсырып тігіп аламыз?
Сабақтың барысы: жаңа сабақтың тақырыбы хабарланып, мақсаты мен жоспары айтылады. Еңбектің қауіпсіздік ережесі сақталуы ескертіледі. Жұмыс үстелі сабаққа дайындалып, ұйымдастырылады.
−Композиция (латынның composition сөзінен) – құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді.
Композицияның ішінде басты және екінші кезектегі деген ұғымдар бар. Басты –дегеніміз бұл бірінші кезекте назар аудартатын, тақырыптың идеясын, ойын білдіретін дүние. Өрнектегі композицияда, өрнектің басты бөлшегі екінші кезектегі бөлшектермен логикалық байланысуы және теңдескен болуы керек.
Ою – өрнек – элементері белгілі бір ритмге бағынатын нақышталған әшекей. Ою-өрнектің белгілі бір қашықтықтан кейін толықтай қайталанатын бөлігі раппорт деп аталады.
Раппорт- латын тілінен аударғанда қайталау дегенді білдіреді.
Кесте тігу әрдайым тұрмыспен, еңбекпен, табиғатпен тығыз байланыста болып келді және де бұл өнер әрбір халықтың көркемдік талғамы мен шеберлігінің айнасы сияқты болды.
Оқушыларға кесте тігісінің ең қарапайым түрі көрсетіледі: тамбурлы тігіс немесе тышқан ізі деп те атауға болады. Бүгінгі жұмысты оқушылар біз кестемен немесе торлау тігісімен орындайды.
Практикалық жұмыс: оқушылар қағаз бетіне жұмыстың эскизін жасап алады. Әр оқушы эскизі бойынша мата, ине, жіп таңдап алады және жеке жұмыс түрін ұсынады. (Композиция оқушының қиялынан туған оюлы түпкиіз, гүл құмырасының астына жаятын шаршы сәндік салфетка болуы мүмкін.) Көлемі 10×15, 15×20 болуы мүмкін.
Мұғалімнің нұсқауы:
1. Мата таңдау;
2. Түсінің үйлесімділігін сақтау;
3. Ине мен жіп таңдау;
4. Тігістің түрін таңдау;
5. Бұйымды алғашқы өңдеу: орналастыру, бекіту, кестелеу;
Оқушылардың жұмысын бақылау, кеңес, ескерту беру. Жұмыстарын алдымен өзі сонан соң, бірін-бірі тексеру. Аяқталмаған жұмысты үйге беру, жұмыс орнын жинастыру.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: Айару (2016-02-01) | Автор: Айжан
Просмотров: 2364 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz