Ақтөбе облысы Шалқар қаласы № 8ЖОББМ Технология пәнінің мұғалімі Ешмұханов Қазыбай Дүйсенбайұлы Сабақтың тақырыбы: Мұрындық жасау үлгісі Сабақтың мақсаты: Ағаштан, сүйектен жасалатын бұйым түрлерімен таныстыра отырып, бұйым жасау әдісін үйрету. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту. Теориялық білімдерін, шығармашылық іскерлігін іс жүзінде дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Құрал - жабдықтар: Ара, егеу, пышақ, қашау, түрпі қағазы, сызғыш, карандаш, тобылғы, жыңғыл. Көрнектіліктер: Дайын мұрындық, мұрындық сызбасы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдісі: Сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Жаңа сабақ түсіндіру. 3. Оқушылардың білімі бекіту. 4. Оқушылардың тапсырманы орындау кезеңі. 5. Қорытынды. 6. Бағалау. 7. Үйге тапсырма.
Кіріспе: Өткен сабағымызда сүйектен бірнеше бұйымдар жасауды үйрендік. Ал енді бүгінгі сабағымызда ағаштан бірнеше бұйымдар жасауды қарастырамыз. Қазақтың жері кең - байтақ өлкеде ұшан теңіз бау мен бақ, жидегі мен тораңғысы, қайың, қарағай, шыршалы ормандары бар.
Мұғалім: - Балалар, ағаш туралы не білесіңдер? Оқушылар: - Ағаштан үй мүліктерін жасаған. Сандық, төсек ағаш, жастық ағаш, кебеже, бесік, ыдыстар т. б. - Үй мүлкінен басқа не жасады? - Киіз үй сүйегін, шана қора т. б. - Ағаш туралы қандай аңыз білесіңдер? - Ағаш туралы қандай айшықты сөздер білесіңдер. Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов «Тәңір» атты еңбегінде біздердің ата - бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе: «Айдалада дара өскен ағаш түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп әлем мата байлап, жанына ыдыс - аяқ тастап кетеді, басына құрбандық шалады»,- деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын «Қорқыт ата» кітабында: «Атың ағаш десем шамданба, ағаш! О, Мекке мен Мәдиненің есігі болған - ағаш! Құдаймен тілдескенде Мұсаның асасы болған - ағаш! Ерлердің ері Әлидің дүлділіне ер болған - ағаш! Зұлыпқарға сап болған - ағаш! Хасан мен Хұсайынға бесік болған - ағаш! Басыңа қарасам төбең көрінбес - ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс, Ағаш!- деп келетін, тікелей ағашқа бағытталған айшықты сөз бар. Бұл толғамнан біз ағаштың адамзат тұрмыс - тіршілігіндегі қолданыс орнымен қатар, оның ата - баба таным - түсінігінен алар жүйесін де өте байқай аламыз.
Оқушылардың жігер - намысын оятуға, іскерлікке құлшыныс септігін тигізуге қажет деген мақал - мәтелді сұраймын. «Шебердің қолы ортақ», «Өнерлі өрге жүзер», Ұста аспапсыз ұста емес».
Оқушыларға еңбек қауіпсіздігін ескертіп, кезең бойынша жұмыс жасаймыз. І кезең Дәптерге мұрындық суретін саламыз. Ағашқа өлшемдерді түсіріп қажетті ойылатын бөліктерді өлшеп белгілейміз. ІІ кезең. Үлгі бойынша өлшенген бөліктерді арамен кесіп, мұрындық формасына келтіріп, пышақпен жонамыз. ІІІ кезең Дайын болған бұйымды түрпі қағазымен ысып тазалап, лактаймыз.
Қорытынды: Ағаштан не жасадық? Мұрындық не үшін қолданылады? Мұрындықты қандай ағаштан жасайды? Бұйда дегеніміз не? Сүйектен мұрындық жасауға бола ма? Бағалау: Жақсы шыққан оқушылардың жұмыстарын мадақтау, бағалау. |