ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің домбыра класының мұғалімі Майкупов Алмат Мысырұлы Тәрбие сағаты «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені Мұғалім: Салтымен Ата-Бабаның, Жаңғырды жаңа заманым! Тіршілік басы, о, Наурыз! Қайырлы болғай қадамың! Бұлдасам басым пұлысың! Қасиетімнің ұлттық құнысың! Өзіңсіз мынау қазақтың, Көрген де күні құрысын! І- оқушы: Аңсап бір күтсем ардағым! Аңсап бір күтсем ардағым! Қолымды созсам арманым! Тұманды түндер қапыда, Көз жазып сенен қалғаным! Өткен де күннің шатағы, Батады жанға! Батады! ІІ оқушы: «Тарқады Наурыз!» - деген күн, Шағылып тауы Бабамның Жуылды-ау жаспен сақалы! Заман да заман! Заман-ай! Дау салып қайтем саған-ай! Қамшысы қолда шолтаңдап, Халқымның қалған сорыңа, Шолақ белсендінің заманы-ай! - Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»атты тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер! - Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған уызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. Ата аналар: - Ал, балалар! Құрметті ұстаздар! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
1-оқушы: Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз, Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз. 2-ші оқушы: Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар. 3-оқушы: Түрлі-түсті әйбат, Гүлдер шықты жайнап. Қызығып ылғи барамын, Қырға шықты ойнап. 4- оқушы: Сәнді көктем нұрымен, Наурыз тойы жырымен, Көңіл гүлдей жайнасың. 5-оқушы: Кіргізіп көркін даланың, Бәйшешек қырда қаптады. Қызығып ылғи барамын, Үзуге бірақ батпадым.
Ұлттық ойын «Асық ату» Асық ату — бұл асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы қажетті асықты атқанда екі қолдың он саусағының кез-келгенін пайдаланады. Бірақ ату кезінде саусақты сүйретіп немесе жай түртіп атуға болмайды. Бұлай істеген жағдайда асық келесі ойыншыға ауысады. Асық атудың әдісі — ойыншы көндегі асықтың орналасуына қарай асықтарды атады. Асықты атуға ыңғайлы саусақ бүгіліп, екінші бір саусақтың тіреуінен шертіліп барып асыққа тигені дұрыс. Ұлттық ойын ««Ханталапай» ойыны Ал, «Ханталапай» ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден он адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүк, шік, не тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. «Ханды» жатысы «хандікіндей» ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тиіп кетсе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, «хан» алшы түссе, балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды. Ұлттық салт-дәстүрден көрініс Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Қорытынды: Жүздерін жұрттың бұратын құбылаға нақ, Іздерін аңдып, артынан шұғыла қадап. Оң жақ қолының саусағы буынсыз келген, Елдің арасын жүреді Қыдыр аралап. Енді кешпеген қасірет қайраңы болсын, Алаштың жұрты ақшуақ айнаны көрсін. Қаймана қазақ, қадірлі Қыдыр атамыз, Сенің де шаңырағыңның мейманы болсын!