Четверг, 2024-04-25, 7:12 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 749
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм
Калдыгарина Алия Ильясовна
бастауыш сынып мұғалімі
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Мақсаты: Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы туралы түсінік беру.
Білімділік: М. Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Ақын жырларынан үлгі алу.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау. Поэзиялық шығармаларда үн – ырғақты сақтау, өлең мазмұнына сурет салу қабілеттерін, белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның өз даусымен өлеңдері, суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Ақынның өз даусымен «Поэзия» өлеңін тыңдау.
Мұғалім: Оқушылар суреттен кімді танып отырсыңдар? Тыңдаған өлеңдеріңді оқыған кім деп ойлайсыңдар? Оқушылар бүгінгі сабағымыз ақын, поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаевқа арналады. Сабағымыздың тақырыбы: «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» - деп аталады. Биыл ақын атамыз тірі болса 82 жаста болар еді.
Хантәңірі етегінде, Қарасаз мекенінде 1931 жылы 9 – ақпанда дүниеге келді. Шын аты – Мұқамедқали. Мұқағали деп өзі өзгерткен.
Мұқағали – сөз құдіретінің мән – мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын. « Мені сөзге, жырға үйір еткен халық, сүюге тәрбиелеген әжем» дейді.
Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол биік адамгершілікті де, достықты да, бауырмашылдықты да, табиғатты да, махабатты да, тіл мен тәуелсіздікті де жырлаған.
Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Назылым: « Отан», «Таудағы көктем»
Айым: «Сәби болғым келеді»
Нұрлыбай: «Үш бақытым»
Жанбота: «Қырқыншы жылдар»
Айнұр: «Табиғат»
Жансая: «Не деген керемет күн!»
Не деген керемет күн!
Жаныңа бәрі даяр не керектің.
Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
Не деген керемет күн!
Естіледі бал – ара бал сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рақатта
Дел – сал жаны.
Таулардың самал есе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ,
Шашырап күннің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанағынан
Шарықтап шыңырауда ана – қыран.
Ару – жер өз дидарын көріп жатыр
Мөп – мөлдір тұнық көктің жанарынан.
Не деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби дүние,
Келеді өміріңді бере кеткің.
Табиғатына тартып туған ақынның асқар таулардай биіктігі туған жердің қасиеттілігінен бе ? -деп қаласыз. Осы бір өлеңінде табиғатты аялай білуге тәрбиелегендей. Осы көңіл – күйімізбен керемет күнді бейнелеп көрелік.
Оқушылар салған суреттерін әңгімелеп береді.
Мұқағали Мақатаевтың отбасымен бірге түскен суреттерін көрсету.
Көрініс: «Әке аманаты»
Көрініске қатысушылар: Әкесі Сүлеймен – Қуаныш, Мұқағали – Ахмет, анасы – Жансая.
Ән тыңдалады. М. Мақатаев. «Шеше, сен бақыттысың»
Қорытындылау.
Мұқағали поэзиясында нені жырласа да өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады. Әке «аманатын» айтып, оны орындап қана қоймай, өзі де еліне, халқына, келер ұрпаққа да аманат жазып қалдырды.
Мұқағали поэзиясы бір жылдың не бір айдың немесе бір сабақтың еншісі емес. Ол таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол – сыршыл ақын. Ол – қара өлеңнің шебері. Ол – ұстаз.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: Айару (2016-01-22) | Автор: Алия
Просмотров: 657 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz