Вторник, 2024-12-10, 1:51 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 751
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

Шығармашылық есеп Драма - “поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі”
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«Оқушылар Сарайы»ММ
«Жас өнерпаз» драма үйірмесінің жетекшісі
Аминова Айгерим Юсупқызы
Шығармашылық есеп
Драма - “поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі” «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Болашақтан бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты. Бұл күнде білім берудегі ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланыңөзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау,мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндікқарым-қатынасты қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр. К.Ушинский «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,-деген даналығында. Мен де алғашқы ұстаздық еңбек жолымды 2010 жылы Қарашоқат орта мектебінен бастадым. Кейін 2015 жылы жұмысымды осы өнер ордасынан бастадым. Яғни, 2015 жылдың қыркүйек айында аудандық «Оқушылар сарайы» ММ –де драма үйірмесінің жетекшісі болып қабылдандым. Әрине жаңа ұстаздық жолда, болашақ ұрпақ тәрбиесін өз 2015 жылыміндетіме алғанда алдымда сансыз сұрақтар мені жаулап алғаны рас. Өйткені еліміздің білімді, сауатты, дарынды оқушыларын тәрбиелеу әрбір педагогтың парызы. Сол талаптан шығуда әр адам өзіне белгілі бір мақсат пен жетеді емес пе?. Мен де еңбек жолымда балаларға драманы дамытсам деген өзекті мәселе туындады.
Осы өзекті мәселем арқылы мен алдыма мынадай мақсат қойдым :
Өзекті мәселем:Оқушылардың көркем - шығармашылық қабілетін ашу арқылы актерлік өнерге икемділіктерін дамыту
Мақсаты мен міндетім: Оқушылардың актерлік шеберлігін шыңдап, олардың сахна мәдениетін меңгеруге мүмкіндік жасау және мәнерлеп оқуға баулу.
Қосымша білім оқыту ғана емес, тәлім – тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені ол баланың мектепте алған білімін дамытып тереңдете түседі, бос уақытын өнімді, әрі тиімді пайдалануға үйретеді, өзінде бар шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Ал осы бос уақытын тиімді өткізу, білім беруде қазіргі мұғалімге қоятын талапта зор. Қазіргі қоғам сұранысы жан-жақты сауатты, ақпараттық технологияны меңгерген, коммуникативті құзіреттілігі қалыптасқан, әлеуметтік құзіреті жоғары мамандар . Сондықтан әр оқушының функционалдық сауатын дамыта отырып тәрбиелеуде мұғалім әдіс – тәсілдерді жетік біліп, оны жүйелі қолдана білгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізеді. Мен өзімнің іс тәжірибемді мынадай бағыттарға бөлдім.
Біріншісі: сахналық көрініс бағыты,екіншісі: мәнерлеп оқу бағыты және ғылыми жоба қорғау бағыты
Бірінші бағыт бойынша сабақта, тәрбие сағатында, сыныптан – тыс жұмыстарымда үнемі әдіс тәсілдерді жүйелі қолданып келемін. Ондағы мақсатым бір сарынды сабақ берумен емес, түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушының үйірмеге, яғни сахналық қойылым қою арқылы қызығушылығын тудыру. Нәтижесінде 2016 жылы қаңтар айында Алматы қаласында өткен «Зимняя сказка в Алматы-2016» конкурсында 5 оқушы дайындап, атап айтқанда, Аққасен Назгүл, Жұмабай Нұрхан, Аманғалиева Айжан, Нысанбаев Тоқтар және Оспанов Жасұлан сияқты оқушыларыммен Қалтай Мұхаметжановтың «Осылай да кездесу болады» атты бір актілі, екі көріністі комедия шығармасынан «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапатталдым.
Екінші бағытым бойынша тоқталатын болсам, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізіліп отырған «Бабалар байрағы – еліміздің айбары» атты жас ақындар аудандық жыр мүшайрасына қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне, қолдану аясының кеңейтуіне өткізілген байқауда «Бас жүлдемен» Аққасен Назгүл марапатталды.
“Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады”,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің кәсібилігі оның ізденісі, жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы айқындалады дей келе, өткізілген сабақтарымның көбісіне ақпараттық технологияны пайдаланып жұмыс жүргізіп келемін.
Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ үдерісін ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу барша ұстаздың басты мақсаты. Оқушыларға сабақ беруде жаңа технологияларды пайдалану арқылы білімін арттыра аламыз. Сондықтан да олардың білімді терең меңгеруіне, ойлануына,өз бетінше ізденуіне, алған білімін кез келген жерде пайдалана алатындай етіп қалыптасуына қолдау көрсетуіміз қажет.
Сабағымды оқытуды түрлендіріп жаңаша ұйымдастыруды, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды,ынталарын көтеруді,әлеуметтік қарым қатынасты нығайтыруды алғы мақсатым етіп отырмын.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: Айару (2017-05-31) | Автор: Айгерим
Просмотров: 621 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz