Среда, 2024-05-15, 1:13 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Дайджест прессы. Казахстан. [114]
Дайджест прессы. Россия. [25]
Дайжест прессы Планета [2]
Конкурс юных сказочников [20]
Детские сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников.
Педагогическая копилка [154]
Интересные материалы из педагогической прессы, разработки уроков, опыт воспитательной работы, методика работы с трудными детьми и многое другое.
Из дальних странствий возвратясь... [1]
Поездка за опытом
Страничка Гульмиры Султанбаевой [6]
ОТЧЕТ Национального Консультанта Гульмиры Султанбаевой по проведению консультаций с ключевыми партнерами и разработке рекомендаций для работы с целью искоренения детского труда в хлопководстве в Южно-Казахстанской области на примере села «Когалы» в Махтааральском районе
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 749
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 Дайджест прессы
Главная » Статьи » Педагогическая копилка

урок казахского языка
Қазақ тілі сабағы 3 сынып
Тақырыбы: «Қазақ тілі» елінің құпиясы
Мақсаты: қазақ тілдің грамматикалық тақырыптарын пысықтау, дыбыс түрлерін, сөз құрамына жататын бөлшектерін тиянақтау, сөздің айырмашылығына назар аудару, туынды негізгі сөздерді ажыратқызу, сөз таптарын қайталау, сауатылығын дамыту.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер: Қане, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік және көңілдерімізді көтерейік.
«Біз көңілді баламыз» (балалар бірге хорлап айтады).
-Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
-Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі қай тілі?
-Сендер ол жайлы не білесіңдер? (Тіл туралы балалардың жауаптары)
1-оқушы. Орысшаға жорға болсаң не деймін,
Ағылшынша ағып тұрсаң е, мейлің.
Аппақ сүтін ақтамайсың анаңның,
Ана тілдің асырмасаң мерейін.

2-оқушы. Қазақ дерті-тілінде,
Қазақ дерті- жерінде.
Қазақ дерті- елінде,
Қалай жеттік бұл күнге?

-Балалар, біз бүгін «Қазақ тілі» еліне саяхатқа барамыз. Осы елдің құпияларын ашамыз.
2.-Саяхатымызды бастайық.
1ел: «Дыбыс» елі. Айтыңдаршы, осы жылы қай жылы?
-Бізді қояндар қарсы алып тұр. Әр қоян бізді сынап жатыр.
1 қоянның сұрағы:Дыбыстар қандай екі топқа бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қандай екі топқа бөлінеді?
-Дауыссыз ше?
2қоянның сұрағы:Керекті әріптерді қою, дәлелдеу (карточка арқылы)
3қоянның сұрағы: Жуан-жіңішке сөздерді ажырату, дәлелдеу
4қоянның сұрағы:Суреттегі сөздің бірінші дыбысын талдау
5қоянның сұрағы:Сый-тый түбір жайлы не білесіңдер? Сөздерге –ый, -и әріптерін қосу.
2ел: «Сөз» елі.
-Осы елдің құлпы жабық екен. Қане, балалар, ашайық.
-Сөз-ол не?
-Сөздер қандай болады?
-Сөздер неден тұрады?
Тапсырма: Сөздерді буынға бөлу. (карточка арқылы)
-Мағыналарына қарай сөздер қандай топтарға бөлінеді?
-Иә, осы елде омонимдер, антонимдер, синонимдер тұрады екен.
-Антонимдер-бұл не деген сөздер?
-Синонимдер ше?
-Омонимдер жайлы не білесіңдер?
Тапсырма:
1 қатар: 3қос антоним жазу
2қатар: 3 қос синоним жазу
3қатар:3омоним жазу.
3 ел: «Сөз құрамы» елі
-Балалар, қазір бізде қандай жыл мезгілі?
-«Сөз құрамы» елінде жаз мезгілі екен. Жазды сүйесіңдер ме?
-Жаз туралы қандай тақпақ білесіңдер?
-Міне, мұнда ғажайып алма өсіп тұр. Оның жемісін терейік.
Тапсырма: Сөздерді сөз құрамына қарай талдау.
-Сөз құрамына не жатады?
-Түбір-ол не?
-Жұрнақ ше?
-Жалғау –ол не?
Сөздер: Етікші, кәсіпкер, кенші, тыныштық, конькиге, жердің.
-Құлпынайларға, қараңдар. Қандай тамаша! Оларды да терейік
Тапсырма: Түбір сөзден туынды сөз құрастыр
Сөздер: Азамат, алма, жақсы, домбыра, шыдам, күз, ән, өнер, дәрі
-Туынды сөз жайлы не білесіңдер?
4 ел: «Ойын-сауық». Осы елде біз демаламыз.
Сергіту сәті.
5 ел: «Сөз таптары» елі
-Осы елде қандай сөз таптары тұрады?
-Зат есім-ол не?
-Етістік ше?
-Сын есім –ол не?
-Сан есім ше? Мысал келтіріңдер
Тапсырма:Тақтаға сөйлемдерді жазып, сөз таптарын ажырату
Сөйлемдер:Далада қар жауып тұр. Қарғаның су ішкісі келді. Біздің ауылымыз екі таудың ортасында орналасқан.
-Әр сөз табы сөйлем мүшесін құрайды. Сөйлем мүшелері қандай екі топқа бөлінеді?
-Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
-Тұрлаусыз мүшелерге ше?
Тапсырма: Сөйлем мүшелерін талдау.(карточкалар)
-Осы елде алтан балықтар өмір сүріп жатыр екен. Алтын балық қай ертегіден келген?
-Неліктен кемпірдің арманы орындалған жоқ?
-Кеше сендер үйде «Менің арманым» деген шығарма жаздыңдар. Қане, оқып беріңдерші.(музыка)
-Алтын балық естіп тұр. Сендердің армандарын міндетті түрде орындалады деп ойлаймын, өйткені сендер қазір жақсы оқушылар мен тәрбиенушілер болып саналасыңдар. Өз білімдерінді әр қарай дамыта беріңдер.
Алтын балыққа сендер өте ұнап қалдыңдар. Ол сендермен ойын ойнағысы келеді.
Ойын: Мен сөзді айтамын. Егер сөз негізгі зат есім болса, сендер жай отырасыңдар. Егер мен айтқан сөз туынды зат есім болса, сендер сигналдық карточкаларынды жоғары көтересіңдер.
Сөздер:Кітапхана, диқан, асхана, ақын, өлең, өлеңші, ағаш, жолшы, күәгер, ісмер, сурет, суретші.
-Балалар, біздің саяхатымыз аяқталды. Мен өте қуаныштымын. Сендер мені «Қазақ тілі» елінің тұрғындарының көзінше ұятқа батырған жоқсыңдар. Сендерге көптен-көп рахмет.
Категория: Педагогическая копилка | Добавил: яркая (2014-02-18)
Просмотров: 884 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz