«Бай-Бол» Қоғамдық Қоры, Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Асыраушысынан айырылған балаларды қорғаудың кешенді іс - шараларын ұйымдастыру» атты жобаны жүзеге асыруға кіріскенін хабарлайды. Жобаның негізгі мақсаты: Білім беру бағдарламасы арқылы құқықтық, әлеуметтік, психологиялық бағыттары бойынша мамандардың біліктілігін, жұмыс сапасын арттыру, сонымен қатар асыраушысынан айырылған балалардың құқығын қорғау саласындағы заң базан жетілдіруге ұсыныстар қабылдау. Жоба шаралары «Жанұя» жетім балалар үйі, № 2 балалар үйі, «SOS» Алматы қалалық балалар ауылы, Алматы қалалық балалар құқығын қорғау Департаменті, Алматы қалалық Білім Беру Департаменті және осы бағытта ақпараттық қызмет көрсететін журналистер, жобаны ұйымдастырушы топпен тығыз әріптестікте жүзеге асырылмақ. Ақпараттық ағарту бағдарламасы бойынша 45 қызметкерге - 3 балалар үйінде, 18 оқыту- семинар өткізіледі. Оларды құқықтық, әлеуметтік және психологиялық сұрақтар бойынша әдістемелерге және ұстанымдарға, интерактивті әдіспен оқыту, пікір алмасу, сыни тұрғыдан ойлау, шағын топпен жұмыс, презентация әзірлеу және т.б. тәсілдері арқылы оқытады. Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне жетім балалардың құқығын қорғау саласында заң шығаруға кепілдеме - ұсыныстар әзірлеу үшін асыраушысынан айырылған балалармен жұмыс жасайтын жетекшілер, мамандар арасында сұхбат жүргізіледі. Жоба қорытындысы ретінде ұйымдастырылған жұмыстар әдістемелік нұсқау болып шығарылып, балалар құқығын қорғау бағытында жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдарға берілген жобаның тәжірибелік нұсқасы ретінде ұсынылады және оның жүзеге асырылу жолдары енгізілетін болады.
Қызығушылық танытушы тұлғалар «Бай бол» Қоғамдық Қорымен мына телефон арқылы хабарласа алады: 267-63-71.
Электрондық мекен -жайы: bai-bol18@inbox.ru |