Ана тілі – бұл атаңның,ананың тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжемізбен атамызға,айналадағы ересектерге еліктеп журіп, біле бастаймыз.Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Ол-біздің өмір бойы өзгермеген ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз. Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері , аңыз ертегілері, шығарған өлең жырлары және ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де,батпақтыға батырмай, барлық жиған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді . Бұл барлығымызға да қымбатты мұра, бай қазынаны, соның ішінде ана тілімізді аса қадірлеп,арманымызды ардақтап, аялай білейік. Замира Баратбаева Төлеби ауданы |