Суббота, 2024-05-04, 11:00 AM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Живая газета "Жас даурен" [14]
Новости детского комплекса из Уральска, письма ребят, репортажи.
"Мы!" [57]
Интернет-журнал Толебийского детского дома.
Раз ступенька, два ступенька... [4]
Интерактивный журнал ребят из детских домов Павлодарской области.
Добрые люди - детским домам [106]
Новости из детских домов [165]
Новости Казахстана [431]
Новости Планеты [114]
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 749
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 
Главная » 2009 » Октябрь » 3 » «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
3:42 AM

Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып: адамның салауатты өмір салтын қалыптастыруы, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтына, СПИД –ін алдын алу, нашақорлық, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуға көңіл бөлінеді.

Кең көлемді реформаның жүзеге асуы процесінде негізгі рөлді мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде  дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселелерін шешудің бір механизімі ретінде қарастырады.Тек осы жылдың өзін де ғана Алматы қалалық Ішкі саясат Басқармасы және Үкіметтік Емес Ұйымдармен отыздан астам әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр, көптеген бағыттар бойынша әр түрлі салалар қамтылған, солардың ішінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау.

Әріптестік пен тәжірибеліктің бірлескен жұмыстарын жүзеге асырудың мысалы ретінде, жуықта өткен « Огонек», «Туран» сауықтыру лагерлері, «Арман» аулалық клубында

 «Дені сау ұрпақ  - жарқын болашақ» атты тақырыппен өткен акциясын атауға болады.

206 бала мен жасөспірімдер тану білу байқаулары мен спорттық  жарысу акциясына белсене қатысты.

 Мерекелік шараның ұйымдастырушылары: «Бай Бол» Жетім балаларды дамыту және бейімдеу Орталығы» Қоғамдық Қоры мен Алматы қалалық Ішкі саясат Басқармасы. Акциялар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, әркімнің өз денсаулығына жауапкершілігін арттыруды насихаттауға және спорттық шаралар бойынша қоршаған ортаны қорғауға, кері түсініктерді жоюға бағытталған.

«Бай Бол» Қорының жетекшісі Қалиева Шолпан «Дені сау ұрпақ  - жарқын болашақ» сауықтыру шарасы, әлеуметтік маңызы бар жоба шеңберінде акцияда айтқандай -ақ, білім беру бағдарламасы, балалар мен жастар арасында тек өздерінің денсаулығы мен қоршаған ортаның денсаулығына жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы түрлі байқаулар өткізілді,-деді.  Қазіргі қоғамның өзекті мәселесі (  шылым тарту, нашақорлық, таксикология, ішімдікке салыну және т.б.) болып қала береді. Сондықтан да болашақ ұрпақтың толыққанды, қызық әрі белсенді өмір сүруі үшін үнемі осындай маңызды шараларды өткізіп тұрса нұр ұстіне нұр болар еді, деп өз пікірін білдірді.

Жастармен бірге мерекені өткізуге Ішкі саясатты Басқарудан, Медеу аудандық ішкі саясат бөлімінен, Медеу аудандық « Нұр Отан» ХДП ның бөлімшесі және мерекенің құрметті қонақтары: Денсаулық сақтау, Білім беру мекемелерінің жетекшілері, Алматы қалалық балаларды қорғау Департаменті, спортшылар, Қоғамдық Бірлестіктердің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шараның « кінәгерлерінің» өздері, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары қызығушылықпен және аса қуанышпен спорттық жарыстарға қатысты. Волейбол, футбол, үстел теннисі, дарц, кросс, биіктікке  және ұзақтықққа секіру, баскетболдан топтық сайыстарға түсті. Ән шырқалып, барлық жерден : « Алға!», « Қапы қалма!» т.б. дауыстар естіліп жатты, балалар мен үлкендер де ойын қызығына берілді. Барлығының көңіл - күйі көтеріңкі болып, балалар: қазіргі ұрпақтың дені сау, денсаулығы мықты әрі көңілді екенін дәлелдей алды. 

Акция барысында ақпараттық насихаттау алаңдары ұйымдастырылды,  мерекені ұйымдастырушылардың айтуынша, « ақпараттық тақта», балалар да , үлкендер де жеке және әлеуметтік мінездегі қоғамдық аурулардың алдын алу жөнінде пайдалы ақпарат ала алды, сонымен қатар насихаттаудың тиімді жолдарын қарастыру, физикалық және рухани даму. Балалар мен жасөспірімдер ВИЧ/СПИД жөнінде, ішімдіктің зияндылығы жайында және шылым шегу мен нашақорлық жөнінде парақшалар, қабырға газеттерін, бүктемелер алды. Сонымен қатар әлеуметтік аурулар жөнінде бейне баян көрсетілді.

ҮЕҰ жөніндегі бөлім бастығы,Толқын Саметованың айтуынша: « Жастардың әртүрлі зиянды әдеттерден аулақ болу керектігі және оның соңы неге апарып соғатыны өз уақытында ескертілсе, түрлі ауруларды алдын алуға болады. Денсаулық сақтау мәселесі және ол туралы түсінік  ұлттық мәдениетіміздің элементі болуы керек, экологиялық, салт - дәстүрлік және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды тапсырмалары және мемлекет пен ұлттың тыныштығын сақтау тұрғысында қарау керек.

Акцияны ұйымдастыруға, белсене ат салысып, көп үлесін қосқан әріптес мекемелердің өкілдері: Медеу, Бостандық аудандарының Аулалық клубтары, SOS Балалар ауылы, Республикалық медициналық колледж, Республикалық сахналық цирктік колледжі, СПИД қалалық орталығы, Салауатты Өмір Салтын (ЗОЖ) қалыптастырушы қалалық орталығы.

Өз сөздерінде сөйлеушілер салауатты өмір салтын қалыптастыру әркімнің мүдделі болу керектігін айтты. Нақ сондықтан да жасөспірімдік кезден бастап салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінен мектептер мен отбасының, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның өзінің арасында бағытталған жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Салауатты өмір салтының дағдыларын жүйелеу шараларын дамыту, түрлі деңгейде өткізу:  радио арқылы, теледидар, баспасөз, лекция оқу, балалар мен ата аналарымен, жасөспірімдер мен отбасында бірге жұмыс жүргізу және мүмкіндіктердің барлық жағын қарастыру.

Акция соңында қонақтардың баяндамасынан кейін балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді. Осындай мерекелік іс шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына, уақытша ғана емес екеніне сенгіміз келеді. Балаларға денсаулықтың пайдасы, аурудың алдын алу, күнделікті спортпен айналысуды дағдыға айналдыру жөнінде ақпарат жүйелі түрде берілуі керек.  Ал,      « Бай Бол» қоғамдық қорының алдында әлі әлеуметтік жобалар шеңберінде мемлекеттік тапсырыс бойынша Азияда 2011 қарсаңында « Нашақорлықсыз қоғам үшін», « Дені сау ұрпақ жарқын болашақ», «Дені сау отбасы дені сау ұлт» атты жоба бойынша сауықтыру шаралар бар.

Категория: Новости Казахстана | Просмотров: 6065 | Добавил: lyuda | Рейтинг: 4.4/5 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2009  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz