Самат пен Азамат біздің Оңтістік Қазақстан Облысы, №2 Төле би балалар үйіміздің «домбырашылар» үйірмесінің қатысушылары. Самат бес жыл, ал Азамат екі жылдан бері үздіксіз бұл үйірмеге қатысуда. Жақында Республикалық деңгейде өткізілетін бас ордамыз –Астана қаласындағы «Домбырашылар» сайысына аттанбақшы. Бұл байқауда олар: «Дайрабай», «Балбырауын», «Қаз ақжелең» атты күйлерді орындамақшы. Бұл үйірме бұдан алдыңғы жылдардың өзінде-ақ, қанжығасына көптеген бас жүлделерді байлаған болатын. Қазақтың қасиетті аспабы домбыраны шеберлікпен тарта біліп, нақышына келтіріп, көрермен мен тыңдаушының назарын өзіне баулай білу үшін, ұзақ еңбек ету керек дейді Самат. Үйірме жетекшісі Есеналиев Ахмет ағайдың арқасында ғана, үйірме мен үйірме мүшелері мұндай биік дәрежеге жетті деп ой бөліседі өз әңгімесінде Азамат: «Ағайымызға үлкен алғысымызды білдіреміз». Ондай болса, өнерлерін өрге бассын! «Домбырашылар» байқауында Оңтүстік Қазақстан Облысының еңсесін биік ұстаңдар, сәттілік тілейміз! Оңтістік Қазақстан Облысы, №2 Төле би балалар үйі, «Заряд +» газетінің тілішісі Индира Илесова |