Махаббат- негізінде бұл бір ғана сөзді әрбір адам өзгеше түсінеді. Кейбіреулері махаббаттың тек жігіт пен қыздың арасыда ғана болады деп сенеді. Менің ойымша, бұл қате бір ой. Неге деген сұрақ қойсаңыз, жауап берейін. Махаббат - Отанға, туған жерге, өнерге, білімге, сүйікті ісіңе болады. Оны бір ғана адамның өзінде – ақ табуға болады. Махаббаттың бір пенденің жүрегінде ұлғайтып, көбейту әрбіріміздің бойымыздағы қасиет. Қаншалықты махаббатың көп болса, соншалықты адамның өзі көркейе түседі. Мәселен, әр адам ішкі дүниесінің байлығымен, махаббатымен сұлулыққа, жақсылыққа бөленеді. «Махаббат»-деген ұғымның өзін ғана алым қарастратын болсақ, көптеген қызықты мәліметтерге тап боламыз.
Әрбіріңіз өзіңізбен бірге мынандай бір жаттығуды жасап көріңізші, сонда өз бойыңызда қандай өзгерістерді байқағаныңызды достарыңызбен бірге бөлісіңіз. Бұл жаттығудың шарты:
1. Таңертең оянған сәтте, өз - өзіңізге: «Менің жүрегім махаббатқа толы. Сол себепті бұл махаббатымен әрбір адаммен бөлісемін».
2. Жуынуға бет бұрдыңыз, жолда көптеген достарыңызды, тәрбиешілеріңізді көрдіңіз. Осы уақытта әрбірімен жылы лебізді, амадасыңыз.
3. Мектепте, асханада, барлық жерде сізді қоршаған адамдармен амандасып, қал-жағдайын сұрауды естен шығармаңыз
Осы жаттығудан кейін, сіздің де, достарыңыздың да, айаладағы адамдардың да көңіл – күйі көтеріңкі болып, жұдырықтай жүрегіңіздегі махаббат, бүкіл әлемнен де биік болғанын сезінесіз.
Малика Айдарова, Шымкент
|