Вторник, 2024-12-10, 2:24 PM
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории раздела
Живая газета "Жас даурен" [14]
Новости детского комплекса из Уральска, письма ребят, репортажи.
"Мы!" [57]
Интернет-журнал Толебийского детского дома.
Раз ступенька, два ступенька... [4]
Интерактивный журнал ребят из детских домов Павлодарской области.
Добрые люди - детским домам [106]
Новости из детских домов [165]
Новости Казахстана [431]
Новости Планеты [114]
Облако тегов
Наш опрос
Нужны ли детские дома?
Всего ответов: 751
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Рейтинг@Mail.ru Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет
Рейтинг@Mail.ru Каталог детских ресурсов 
 KINDER.RU
 
 
Главная » 2008 » Апрель » 16 » О нас
О нас
5:34 AM
Оңтүстік Қазақстан Облысы Төлеби ауданы
№2 Төлеби балалар үйінің 2006-2008 жылдары
атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет.

Негізі 1928 жылы құрылған, 1971 жылы салынған 2 қабатты 108 орындық жатақхана, 1989 жылы салынған бассейн-сауна, бөлек асхана блогы, 6 топқа арналған жеке жұмыс бөлмелері орналасқан үйлер және үйірме жұмыстарына арналған бөлмелер бар. Жеке орналасқан кітапханада 8900 кітап қоры бар.
Қазіргі кезге дейін қосалқы шаруашылығында 14 қара мал басын көбейтіп, таңғы ботқа сүтпен қамтамасыз етіліп отырады. Шаруашылықтағы 5 га жері бар саяжайға және балалар үйінің ауласына 2 жылда 245 түп жеміс ағаштары, 1070 түп декаротивті ағаштар, 5500 тал терек , 100 түп «Раушан» гүлі егіліп баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 10 га жеріміздің құнарсыздануына байланысты жұмыс жүргізілуде.
2. Балалар үйіндегі білім және тәрбие беру барысы туралы.
Балалар үйінде 2006жылының қыркүйек айын 126 тәрбиеленушімен бастап, оқу жылын 147 баламен аяқтадық, қәзір 137 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 21 бала патронаттық тәрбиеде. Олар ана тіліне, ұлтына қарай
6 топқа бөлінген. Әлеуметтік жағдайы :
Жетім-45
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған -95
Ата-ана құқығынан айрылғандар – 10
Бас бостандығынан айрылған ата-аналар -16
Іздеу салынған ата-аналар -16
Ұзақ мерзімде емделуші ата-аналар- 36
Тастандылар-6 Ата-аналары бас тартқандар – 11
Оның ішінде. Ұл бала-84
Қыз бала- 53

Ұлттық құрамы: Қазақтар-62
Орыстар-65
Өзге ұлттар- 10 2006-2007 оқу жылында тәрбиеленіп жатқан 137 баланың ішінен мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақыға мұқтаж балалар саны 45 бала.
Қазіргі кезге дейін жәрдем ақы тағайындалып жинақ есебіне жиналып жатқан балалар саны -28
Құжаттары дайындалып өткізілген балалар саны-11
Сонымен қатар дайындалып жатқан балалар саны-6

Жәрдем ақы алуға құжаттар дайындау барысында тап болған қиыншы-лықтар: Ата-аналарының неке қию туралы құжаттары, қайтыс болғаны туралы куәліктерінің болмауына байланысты іздестру жұмыстары.
Қазір тәрбиеленіп жатқан Мұсырманқулов Нұрсұлтан мен Кальнов Вадимнің туу туралы куәлігі жоқ. Атап айтар болсақ Қазықұрт ауданынан келген Мұсырманқұлов Нұрсұлтанның еш жерде туу туралы куәлігі тіркел-меген барлық қарасты әділет басқармаларында жоқ болып шықты перзент-ханада анасы өз фамилиясымен туған балаға есім беріп құжат алмаған .
Кальнов Вадим Сайрам ауданы және облыстық әділет басқармасынан іздестіру жұмыстары нәтижесіз болып отыр.
Тәрбиеленушілердің атына тіркелгент 6 үй бар, оларға бақылау жасалынып акт тіркелген. Қәзіргі кезде аға- әпкелері тұрып жатыр.
Балалар жергілікті орталықтағы «Бірінші мамыр» орта мектебінде білім алуда, Қожабек Феруза Шымкент қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған интернатта білім алады.
Биылғы 2006-2007 оқу жылында мектеп пен тығыз байланыс жүргізіп, үй тапсырмасын орындап, қосымша сабақтар өткізіп жеткен жетістігіміз:
Оқу озаты- 7
Оқу екпіділері -24
Балалар үйіне келгенге дейін көп балалар мектепке бармай оқудан үзіліп қалғандықтан тәрбиешілер мен мектептегі ұстаздар көп еңбек етуге тура келеді. Арнаулы сабақ дайындайтын жұмыс бөлмелерінде парта, орындықтар, стенділер, бұрыштамалар, және шкафтармен жабдықталған. Оқу құралдарымен жыл бойы толық қамтамасыз етіп отырылды. Бітіруші сыныпта оқитын бала-ларға қосымша сабақ ұйымдастырылып дайындық жұмыстары жүргізілді.
Негізгі мақсатымыз: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жанұядан алыстатылған балаларды қорғау дені сау ,ұлттық сана сезімі оянған,рухани дәрежесі жоғары мәдениетті,парасатты, ақыл-ожданы мол, еңбекқор,іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттерін қалыптастыру жүргізу үшін балалар үйінің директоры,оқу-тәрбие ісі жөніндегі және шаруашылық жөніндегі орынбасарлары мен бас есепші,1 әдіскер,1психолог,әлеуметтік ұстаз,24 тәрбиеші және жұмысшылар ерен еңбек етуде.
Әрбір адам жеке тұлға мемлекет азаматы болып саналатын әрбір азаматты қорғайтын Республика заңы бар.Балалар үйінде тәрбие берумен қатар балалардың құқықтарын қорғау,оны қалай іске асыру қажеттіліктері дұрыс жолға қойылған.
Балалар үйінің жатын бөлмелері типтік талапқа сай 108 балаға арналған, жатақханаға қазіргі кезде 147-балаға арналып үй жиһаздары,жұмсақ төсеніш-тер және жеке төсек орындарымен жабдықталған.Әрбір баланың денсаулы-ғы үшін 1-дәрігер,4-мейірбике,1-тіс дәрігері күндіз-түні қызмет етуде. Медициналық көмек көрсету үшін медициналық емдеу бөлмесі,тіс емдеу бөлмесі,қыздыру және «қыздар гигиенасы» бөлмелері жұмыс істеуде. Балалардың денсаулығын сақтау үшін жылына 1-рет тереңдетілген медициналық тексеруден өткізіліп,күнделікті қадағалап,уақытысында көмек көрсетіліп,емдеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.Балалардың денсаулығын тексере келе емдеу жұмыстары дәрігердің нұсқауы бойынша балалар үйінің арнаулы бөлмелеріне немесе қажеттілігі болса аудан, облыс ауруханаларына апарылып, керекті дәрілермен балалар үйі қамтамасыз етіп отырады.
Жылына екі рет балалардың салмағы мен өсіп жетілуін қадағалау үшін өлшеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Балалардың денсаулығын сақтау және шыңдау үшін және балалар үйінің тәрбиешісі М.Галныкина тәрбиеленушілерімен П.К.Ивановтың жүйесі бойынша балаларды суық сумен шынықтыруда,елеулі жеңістіктерге жетуде.Ас адамның арқауы дегендей балаларды күніне 5 рет тамақтанды-рамыз.Талапқа сай ыстық тамақтар аспаздармен дайындалып дәрігер мен тәрбиешілердің қадағалауымен күн тәртібі бойынша екі ауысыммен кіріп асханада гигиеналық тазалықты сақтай отырып тәтті тамақтармен тамақта-нуына жағдай жасалған.Демалу бөлмелерінде музыкалық орталық, телевизор,диван,едендерде жұмсақ төсеніштер бар. Сонымен қатар жеке заттарын,киім кешектерін ауыстыратын арнаулы бөлмелер бар.
Әр баланың гигиеналық тазалығын сақтау үшін аптасына бір мәрте моншаға шомылып,уақытылы шашын қысқарту үшін шаштараз,аяқ-киім тігетін шеберхана,кір жуатын орын қызмет көрсетеді.
Балалар үйінде компьютер класы іске қосылған.Кесте бойынша барлық балалар үйірмеге қатысады.Көктемгі,күзгі,қысқы демалыс күндерінде балалар үйінің тәрбиеленушілері балалар үйінде демалады. Жазғы демалыс күндерінде балалар Машат шатқалындағы «Самал» лагерінде демалады. Балалар үйіндегі барлық топтардың оқу бөлмелерінде мемлекеттік рәміздерге арналған стенділер,бұрыштамалар жасалған.
Балалар ҚР. Білім туралы,еңбек туралу,тіл туралы заңдармен конкурс викторина т.б.сұрақтар кезінде танысып хабардар болып отырады және құқық тәрбие беру мақсатында түрлі-іс шаралар жүргізіледі.
Спорт түрлерімен ұлттық ойындар бойынша жаттығулар,жарыстар ұйымдастыру жүргізіліп жеткен жетістіктеріміз көп.
Балалар үйінің педагогикалық ұжымы тәрбиеленушілерді саналы, тәрбиелі, білімді азамат ретінде болашақ өмірге дайындау бағытта жұмыс істеуде.
Балаларды өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өзіндік жетілуге психология
және практикалық дайындығын қалыптастыру. Оқудың өзіндік стилін қалыптастыру, дағдынын дамыту, үнемі өзгеретін дүниенің жағдайына жылдам бейімделуге жалпы қабілетті қалыптастыру мақсатында мектеппен тығыз байланыса отырып дарынды балалардың пәндік олимпиядаларға қатысып жеткен жетістіктеріміз орыс тілі пәнінен Ковтун Луиза 2006жылы Аудандық олимпиядадан 2-орын иеленді,2007 жылы «Мемлекеттік тіл-мерейлі тіл мен діл» өнер байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.Үздік оқитын оқушылар Мақтау қағаздардарымен марапаталып отырады. Дарынды балаларға арналған Республикалық «Санат» оқу және сауықтыру орталығымен 2004жылдан бастап қәзіргі күнге дейін тығыз байланыстамыз, яғни жыл бойы берілген тапсырмалар мен тестік сұрақтарға жауап бере отырып жетістікке жеткен балалар жазғы және қысқы демалыс уақыттарында Алматы қаласындағы орталыққа барып таңдаған тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарын дайындап қорғап жеткен жетістіктеріміз .

2006 жылы 1-орын Гончарова Анна
Шекербеков Қанат
Шөкенов Бақытжан
2-орын Сейтмамутов Тимур
Айтмаханов Мигдат
3-орын Тунғышбаева Рахия

2007 жылы 1-орын Шекербеков Қанат
Сейтмамутов Тимур
Айтмаханов Мигдат
2-орын Алпатов Алексей
Исаченко Михаил
Илесова Индира
3-орын Славкина Валентина
Быкова Виктория

2008 жылы 1—орын Шекербеков Қанат
Төреқұлова Қымбат

2-орын Шекербеков Қуат
Досов Самат
Исаченко Михайл
Руденко Алексей
Рыбалкина Валентина

3-орын Рысдаулетова Құралай
Тимонина Юлдуз

Өнер құралдары арқылы сана-сезім деңгейі өте жоғары, жаңа, концептуал-ды ойлауға қабілеті бар , дүниеге келген біртұтас көзқарасы бар, шығарма-шылық іс-әрекетінде соны енгізуге, көрсетуге дайын, ұжымда өмір сүре алатын, өзін мәдениет әлемімен және адамдармен тіл табыса алатын адамды қалыптастыру қажеттілігі аса өзекті болып табылады. Бұны әрбір бала бойында табиғатынан берілген маңызды күштердің дамуы негізінде
іс- шаралар өткізіп отырамыз.
Талғамдық тәрбие әдептілік –рухани құндалықтарды әсемдікке ұластыру
арқылы, жеке басының көркем мәдениеті, халықтар мен дәуірлер жасаған әлемдік көркем құндылықтарға ұласу, ұлттық және адамзаттық призма арқылы балалар бойында қалыптастыру. Ол үшін әрбір бала өзі қалаған өнер түрін таңдауда еркіндікке жету мүмкіндік беретін музыка-көркем бөлімшелері кең дамыған көп бағдарлы білім мекемелер желсін жасау қажет бағытында балалар үйінде қол өнер үйірмесі, эстрадалық ән, би үйірмелері жұмыс істейді «Көксәйек» саз мектебінің филиалы, домбыра сыныбы бар.
Мектеп жанындағы көркем-сурет мектебінде біздің балалар өнерге үйреніп арналы куәлік алады. Балалар үйінде «Комьпютерлік сынып жұмыс істегендіктен балаларымыз комьпютерді жақсы игереді.
Балалар үйіндегі және мектеп жанындағы түрлі спорттық үйірмелерге қатысып жеткен жетістіктеріміз:Тоғызқұмалақ ойынынан 2006жылы 1-орын аудандық жарыста, 2006ж. Салыбеков Тастан 2007ж 2-орын «Домалақ ана» атты турнирінен Шөкенов Бақытжан иеленді. Футбол ойынынан аймақтық аудандық , облыстық көлемде балалар үйінің командасы жүлделі орындарды алып келеді. Таэквондо,бірнеше жеңіл атлетиклық және туристикалық ойын түрлерінен де жүлделі орындардан мақтау қағаздарымен марапатталып отыр.
Өнерпаздарымыздан облыстық көлемде «Алтын ғасырдың- алтын ұрпақтары» атты өнер фестивалінде 2–орын иеленді.
Би тобы,хор ұжымы, халық аспаптар ансамблі және жеке орындаушылар Досов Саматпен Айтмаханов Мигдат облыстық қосалқы балалар интернаттары мен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында» өткізілген өнер фестиваліндегі көрсеткен өнері үшін дипломмен марапатталды.
Балалар үйінің «Жас қанат» халық аспаптар ансмаблі Астана қаласында өткен Республикалық «Болашақ жұлдызы» атты музыкалық аспаптар фестивальіне қатысып ҚР Білім және Ғылым Министлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Қазақ ұлттық музыка акдемиясының 3 дәрәжелі дипломымен марапатталды.
2006жылы «Біз Тәуелсіздіктің құрдастарымыз» атты өнер сайысында шығармашылықтан 1-орынды Рысдаулетова Құралай,ән жанрынан 2-орынды Шекербеков Қуат, би өнерінен 3-орынды Райымкулова Эльвира иеленді.
Сонымен қатар балалар үйінде және мектепте өнер сағаттары , басқада өнер сайыстары өтіп балалар жүлделі орындарға иеленіп өз өнерлеріне қуанып марапатталып шыңдала бастайды.
Бізде балалардың өздерінің 2005жылдан бастап «Заряд +» газеті ай сайын 99 дана болып шығып отырады. Бұл газетімізде өздері шығармашылық жұмыстарды өздері жазып, өңдеп шығарып таратып отырады. Газет редакторы, суретшісі, версталшигі, журналистері, қате түзеушілері және басқа қызметкерлері де балалар өздері. Балалар өлеңдері, мақалалары оқып көп балалардың қабілеті байқалып өнері өрбіп келеді.
«Заряд+» газеті облыстық Балалар газеті арасында 2006жылы 2орын алды . сонымен қатар 2007 жылдан бастап біздің балаларымыздың мақалалары, өлеңдері, суреттері Республикалық «Многоточие ..... Жалғас» балалар газетіне шығып жүр.
Өнерсіз, дарынсыз адамзат болмайды, сондықтан әрбір баланың бойынан осыны дұрыс таба білу үшін тәрбиешілердің де өнеріне қарай бірнеше орталықтар жұмыс істеуде. « Жас қалам» , «Қуыршақ театры» «Драмалық топ» , «Жас заңгер», «Шежіре» орталықтары жұмыс істеуде.
Балалар үйіндегі әрбір баланың бойындағы өнерді шыңдау үшін жоғарыда айтылғандай өнер түрін таңдауға еркіндікке жету мүмкіндік беретін және бірнеше үйірмелер қажет деп білеміз, мысалы фото-суретшілер үйірмесі, баян-аккардион, фортапиано, қобыз үйрету сыныптары және бірнеше түрлі спорт үйірмелері т.б қажет.

№2Төлеби балалар үйінің
директоры: С.А.Тлеубердиев.

Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: А.А.Бейсебаева

Категория: "Мы!" | Просмотров: 2470 | Добавил: bala | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Балапаным - Интернет-портал "Детство-kz" © 2024
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Апрель 2008  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Литературный дом Алма-Ата

  • Фотоальбом

    Детские праздники

    Бесплатный хостинг uCoz