Арым да, ардағым да анам екен, Адамға ана деген атамекен. Ұйқысынан оянып берген сүті. Жыр болып жүрегімде қалады екен. Ару ана, ер ана ,батыр ана, Қызғыштай боп балаңа болдың пана. Пейілің шуақ шашар күн нұрындай. Махабаттың, анашым, дархан дала. Кейде ана қалжырап жүрсін мейлі. Қабақ шытып ешқашан күрсінбейді. Емірене сәбиін құшып тұрып, Мәңгілік тыныштық боп тұрсын дейді. Замира Баратбаева Төлеби ауданы |