Жай ғана желге шайқалатын, Көктем келгенде жайналатын. Керемет иіспен жайылатын, Гүл ғой, «Раушан» деп аталатын. Гүлдер-ай, гүлдер-ай, гүлсіңдер Керемет әсем гүлдер сенсіңдер. Гүлдер-ай, тербелген күн шуағысыңдар, Әлемнің сұлуы сенсіңдер. Мен қарап сүйсінемін гүлдерге Ойланып таң қалам кей кезде. Өйткені керемет, сенсіңдер Жер бетін жайнатып жүрсіңдер. ЖАНЕРКЕ Зиябекова ОҚО Шымкент қаласы, №2 Төле би балалар үйі, «Заряд +» газетінің тілшісі |