Сансыз көктен сұңқылдап, Көктем келді ертелеп. Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп. Көктем бұлттар күркіреп Жерге төкті өрнегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн. Көктем күйін бастады Өз өнерін асыра. Қысты қуып тастады Асқар таудың басына. ТҰРСЫНАЙ Данабекова ОҚО Шымкент қаласы, №2 Төле би балалар үйі, «Заряд +» газетінің тілшісі |